сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Сайлау қарсаңында тұрақсыздандыру акциясы дайындалды – ШЫҰ бақылаушысы

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан туының фонындағы адамдардың сұлбасы
Қазақстан туының фонындағы адамдардың сұлбасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанның құқық қорғау органдары президент сайлауы кезінде елдегі жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген қылмыстық топтарға тойтарыс бере алды.
Бұл туралы кезектен тыс президент сайлауында халықаралық бақылаушыларға көмек көрсету орталығында өткен брифингте ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының атқарушы комитеті директорының орынбасары Артур Голованов мәлімдеді.
ШЫҰ құрамындағы терроризмге қарсы құрылымның өкілі азаматтардың өз таңдауын жасау кезінде елдегі қауіпсіздікті, бейбіт және тыныш жағдайды қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның күш құрылымдары, құқық қорғау органдары жүргізген үйлесімді, ауқымды жұмыстарды жоғары бағалады.
"Терроризммен күрес – бұл көзге көрінбейтін майдан, біз оны құқық қорғау органдары жеңіліске ұшырамайынша көрмейміз де, сезбейміз де. Қазақстанның құқық қорғау органдары өз міндеттерін жоғары деңгейде орындады: бізде террористік күштер сайлау қарсаңында және сайлау кезінде елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған акциялар дайындағаны туралы ақпарат бар. Бірақ бұл әрекеттердің барлығының жолы кесіліп, барлық арандатушылық әрекет сәтті жойылды", - деді ол.
Артур Голованов барлық кінәлінің ұсталғанын және олар жауапқа тартылатынын айтты.
"Қазақстан халқының өз таңдауын жасап, саналы түрде және біртұтас ұжым ретінде өзінің жарқын болашағын қалыптастыруға толық мүмкіндігі бар", - деді халықаралық бақылаушы.
Осы жексенбіде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Астана уақыты бойынша сағат 20.00-дегі мәліметке сәйкес, халықтың 69,31%-і дауыс берген. Сайлаушылардың дауыс беруге келуі бойынша Жетісу – 81,43%, Абай – 80,18 %, Қызылорда – 80,31 % және Түркістан 80,37 облыстары көш бастап тұр. Алматы қаласында сайлаушылардың тек 28,72 пайызы ғана дауыс берді. Астанада бұл көрсеткіш 48,67 пайызды құрады.
17 қарашада республикадағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлағандай, ҰҚК қызметкерлері прокуратура органдарының көмегімен осы жылдың 20 қарашасына белгіленген Қазақстан президентін сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлау және ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Күш құрылымдары жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысында күш құрылымдары мен бейбіт тұрғындар арасында қару қолданып, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған жеті адам ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі "Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту" және 272-бабының 1-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктер" бойынша тергеу басталды", - деп жазылған хабарламада.
Ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайынан айғақ заттар тәркіленді. Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындықтары құжатталды, деп хабарлайды ҰҚК.
ҰҚК қызметкерлері сондай-ақ топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты белгіленгенін, құпиялылық талаптарын сақтай отырып, тұрақты отырыстарда қылмыстық жоспарлар талқыланғанын атап өтті.
"Топ мүшелері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне дене жарақатын салу үшін бөтелкелерге "Молотов коктейлін" дайындаған", - деп толықтырды ҰҚК.
Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жоспарланған қылмысты орындауға арналған қару-жарақ, атап айтқанда, Калашников автоматы, Merkel иір ойықты қаруы, екі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, оқ-дәрілер, "Молотов коктейліне" арналған сұйықтық құйылған бөтелкелер, бөтелкелерге құйылған жарылғыш заттар, бензин құйылған канистрлер, рациялар анықталды.
Жаңалықтар
0