Қоғам

Сайлау күні дүниеге келген сәбиге Қасым-Жомарт есімі қойылды

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында сайлау күні Қорғанбаевтар отбасы үшін жағымды жаңалықпен басталды. Бұл отбасында ұл дүниеге келді.
Саяси науқан күні дүниеге келген сәбиге ата-анасы Қасым-Жомарт деп есім берді, деп хабарлайды жергілікті kyzylorda-news.
Ол отбасының төртінші перзенті.
"Елдің қамын ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағына жұмыс жасайтын азамат болсын деп есімін Қасым-Жомарт қойдым. Ал бүгінгі сайлауда кімге дауыс бергенім құпия болсын", – дейді Қасым-Жомарттың атасы Жұматай Қорғанбаев.
Салмағы 4 келі 400 грамм, бойы 55 см болып туған кішкентайдың да, анасының да жағдайы жақсы.
Жаңалықтар
0