сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

"Қоғам өзгеріс күтеді": белгілі шенеуніктер сайлау туралы ойын бөлісті

Әлихан Смаилов
Әлихан Смаилов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге келген мәжіліс төрағасы, президенттің мемлекеттік кеңесшісі мен үкімет басшысы саяси науқанның маңыздылығы туралы ойын бөлісті.
Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге қатысты.
Спикер өз даусын Астанадағы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.
"Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді", – деді Қошанов.
Дауыс беруге келген президенттің мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин де сайлау туралы ойын бөлісті.
"Қоғам жақсы өзгерістерді күтеді. Осы сайлау жаңа өзгерістерге бастама болады деп ойлаймын", - деді ол.
Ал өз таңдауын жасауға келген елдің премьер-министрі Әлихан Смайылов бұл сайлаудың нәтижесі Қазақстанның алдағы жеті жылда қалай дамитынын көрсетеді деген пікірде.
"Мен жеті жылдан кейін Қазақстанды әділетті әрі экономикасы мен қоғамы мықты ел ретінде көремін. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Тек жұмыс істеп, сол мақсатқа жету керек", - деді ол.
Жаңалықтар
0