сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Қазақстандықтардың 62 пайыздан астамы өз таңдауын жасады

© Sputnik/Ертай Сарбасов Batyrshin TimurПрезидент сайлауы
Президент сайлауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша дауыс берген сайлаушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық комиссияларының мәліметінше сағат 16.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауында дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың проценті 62,34 % немесе 7 450 395 азамат бюллетень алды", - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.
Өңірлер арасында Түркістан облысының сайлаушылары (80,09%) өте белсенді.
Ал Алматы қаласы әлі көш соңында тұр – сайлаушылардың 26,19 пайызы ғана дауыс берген.
Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауында бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды. Барлығы 11 млн 950 мың 485 қазақстандық дауыс бере алады.
Кезектен тыс президент сайлауына алты кандидат түсті, соның ішінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.
Сондай-ақ ОСК мүшесі шетелде дауыс беріп жатқан қазақстандықтарға тоқталды.
Айтуынша, Астана уақытымен сағат 16.00-де Бразилияда сайлау учаскесі ашылды. Осылайша шет елдердегі 68 сайлау учаскесінің 64-інде дауыс беру жүріп жатыр.
АҚШ пен Канададағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты кешірек ашылады.
Жаңалықтар
0