https://sputnik.kz/20221120/qazaqstandagy-en-qart-adam-dauys-berdi-29532794.html
Қазақстандағы ең қарт адам дауыс берді
Қазақстандағы ең қарт адам дауыс берді
Sputnik Қазақстан
Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген 20.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-20T12:16+0500
2022-11-20T12:16+0500
2022-11-20T12:16+0500
президент сайлауы - 2022
қарт
дауыс беру
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29532005_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_673cfba413c30182735583e4c552963d.jpg
АЛМАТЫ, 20 қараша - Sputnik. Қазақстандағы ең қарт адам 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғыны. Ғасырдан астам ғұмыры бар әжей сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Қаршадайынан шау тартқанша өмірін бейнетпен өткізген әжейдің денсаулығы әлі де тың. Ойы орнықты, есте сақтау қабілеті жақсы. "Балаларым, сендер аман болыңдар. Біз асарымызды асадық, жастарымызды жасадық. Бар ұрпаққа менің жасымды берсін", - деп кейуана батасын берді. Нұржамал әжейдің төрт баласынан 15 немересі, 12 шөбересі, 5 шөпшегі бар. "18 жасымда келін боп түстім. Сонда апамды қолыма алдым. Содан бері 28 жыл бірге тұрып келеміз. Енем сондай жақсы адам. Сол жақсылығына да болар Алла ұзақ ғұмыр бергені. Тәуба. Бәріміз алақанымызға салып қараймыз. Бізге ауыртпалығын салған емес. Әлі де болса Алладан апамызға ғұмыр сұраймыз", - дейді келіні Зинаида Сүйенбаева.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29532005_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_f2ace912e78d564b2825b2a22b5227e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарт, дауыс беру, алматы облысы
қарт, дауыс беру, алматы облысы
Қазақстандағы ең қарт адам дауыс берді
Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген
АЛМАТЫ, 20 қараша - Sputnik. Қазақстандағы ең қарт адам 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғыны.
Ғасырдан астам ғұмыры бар әжей сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Қаршадайынан шау тартқанша өмірін бейнетпен өткізген әжейдің денсаулығы әлі де тың. Ойы орнықты, есте сақтау қабілеті жақсы.
"Балаларым, сендер аман болыңдар. Біз асарымызды асадық, жастарымызды жасадық. Бар ұрпаққа менің жасымды берсін", - деп кейуана батасын берді.
Нұржамал әжейдің төрт баласынан 15 немересі, 12 шөбересі, 5 шөпшегі бар.
"18 жасымда келін боп түстім. Сонда апамды қолыма алдым. Содан бері 28 жыл бірге тұрып келеміз. Енем сондай жақсы адам. Сол жақсылығына да болар Алла ұзақ ғұмыр бергені. Тәуба. Бәріміз алақанымызға салып қараймыз. Бізге ауыртпалығын салған емес. Әлі де болса Алладан апамызға ғұмыр сұраймыз", - дейді келіні Зинаида Сүйенбаева.