https://sputnik.kz/20221120/qazaqstan-bes-onirinde-saylau-uchaskeleri-29492693.html
Бес өңірде дауыс беру басталды
Бес өңірде дауыс беру басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде 1 883 сайлау учаскесі елорда уақытымен таңғы сағат сегізде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 20.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-20T07:00+0500
2022-11-20T07:00+0500
2022-11-20T07:00+0500
президент сайлауы - 2022
сайлау
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/12/29448647_0:87:3331:1961_1920x0_80_0_0_9d4d0c881ceccfcebd5e8b0d0de98497.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде 1 883 сайлау учаскесі елорда уақытымен таңғы сағат сегізде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Уақыт белдеуіне байланысты бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де, яғни елорда уақытымен таңғы сегізде басталды.Қалған он бес өңірде дауыс беру астана уақытымен таңғы жетіде басталған болатын. Сондай-ақ республика бойынша 86 сайлау учаскесі таңғы сағат алтыда ашылды. Осы жолы бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар да президент сайлауында дауыс бере алады. Ол үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды.Кезектен тыс президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады. Осыған байланысты 1 проценттік резервпен 12 069 990 дана бюллетень әзірленді.Халық жаңа президентті алты кандидаттың арасынан таңдайды. Олардың ішінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Сондай-ақ саяси додада екі әйел кандидат та бақ сынап жатыр.Сайлауға түсетін кандидаттар:Биыл алғаш рет президент сайлауының бюллетеніне "Бәріне қарсымын" тармағы қосылып отыр. Конституцияға сәйкес, осы жолы мемлекет басшысы жеті жылға және тек бір мерзімге сайланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/12/29448647_300:0:3031:2048_1920x0_80_0_0_1d222d04cbd10abb2a363200603143ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде 1 883 сайлау учаскесі елорда уақытымен таңғы сағат сегізде ашылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Уақыт белдеуіне байланысты бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де, яғни елорда уақытымен таңғы сегізде басталды.
Қалған он бес өңірде дауыс беру астана уақытымен таңғы жетіде басталған болатын. Сондай-ақ республика бойынша 86 сайлау учаскесі таңғы сағат алтыда ашылды.
Осы жолы бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар да президент сайлауында дауыс бере алады. Ол үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды.
Кезектен тыс президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады. Осыған байланысты 1 проценттік резервпен 12 069 990 дана бюллетень әзірленді.
Халық жаңа президентті алты кандидаттың арасынан таңдайды. Олардың ішінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Сондай-ақ саяси додада екі әйел кандидат та бақ сынап жатыр.
Сайлауға түсетін кандидаттар:
Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция атынан);
Мейрам Қажыкен ( "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігі);
Жигули Дайрабаев ("Ауыл" партиясы);
Қарақат Әбден ("Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі);
Салтанат Тұрсынбекова ("Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі);
Нұрлан Әуесбаев (Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы).
Биыл алғаш рет президент сайлауының бюллетеніне "Бәріне қарсымын" тармағы қосылып отыр. Конституцияға сәйкес, осы жолы мемлекет басшысы жеті жылға және тек бір мерзімге сайланады.