Қатар әмірі футболдан әлем чемпионатын ашық деп жариялады

© Photo : Pixabay Доха қаласы, Қатар
 Доха қаласы, Қатар - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қатарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шара "Эль-Байт" стадионында ұйымдастырылды. Қатар әмірі Тамим бен Хамад әл-Тани қатысушылар мен көрермендер алдында сөз сөйледі.
Астана уақытымен сағат 22.00-де Қатар мен Эквадор құрамалары арасында А тобындағы ойын басталды.
Әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады. Турнир матчтары сегіз стадионда өтеді. Қатар әлем чемпионатын алғаш рет қабылдап жатыр.
Жаңалықтар
0