https://sputnik.kz/20221120/prezident-saylauy-tuske-deyin-khalyq-29540114.html
Президент сайлауы: түске дейін халықтың 51 проценті дауыс беріп үлгерді
Президент сайлауы: түске дейін халықтың 51 проценті дауыс беріп үлгерді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтардың 51,16%-і дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik... 20.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-20T13:10+0500
2022-11-20T13:10+0500
2022-11-20T14:27+0500
президент сайлауы - 2022
дауыс беру
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29535740_0:162:3067:1887_1920x0_80_0_0_47c160b89cb0bc5cf9f83b7a7c6929d6.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтардың 51,16%-і дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Өңірлер арасында Түркістан (76,61%), Абай (69,32%), Ұлытау (68,32%) және Қызылорда (59,18%) облыстары көш бастап тұр. Ал Алматы қаласы сол күйі аутсайдер. Қала тұрғындарының 24,17 пайызы ғана дауыс берген. Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауында бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды. Кезектен тыс президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29535740_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_2bea72f6105fcfc71e01ea429a482357.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дауыс беру
Президент сайлауы: түске дейін халықтың 51 проценті дауыс беріп үлгерді
13:10 20.11.2022 (жаңартылды: 14:27 20.11.2022) АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтардың 51,16%-і дауыс берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық комиссиялардың мәліметі бойынша сағат 10.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауында дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 51,16-і немесе 6 113 621 азамат бюллетень алды", - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина.
Өңірлер арасында Түркістан (76,61%), Абай (69,32%), Ұлытау (68,32%) және Қызылорда (59,18%) облыстары көш бастап тұр. Ал Алматы қаласы сол күйі аутсайдер. Қала тұрғындарының 24,17 пайызы ғана дауыс берген.
Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауында бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды.
Кезектен тыс президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады.