99 жастағы ардагер президент сайлауында өз таңдауын жасады

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы – 2022 жыл
Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы – 2022 жыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Павлодар облысының Железин ауданында 99 жастағы ардагер президент сайлауында дауыс берді.
Ол жылжымалы сайлау комиссиясының қызметін пайдаланды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Железин ауданында Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз ардагері өз таңдауын жасады.
"Таңертеңнен бастап Кузьма Иванович Чуйкин көтеріңкі көңіл-күйде. Келген учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін жылы қарсы алды", - деп хабарлады аудан әкімдігі.
Ардагердің дауыс беруі үшін оған жыжымалы сайлау комиссиясы келді. Егде жастағы сайлаушы бюллетеньде белгі қойған соң, қағазды арнайы жәшікке тастады.
"Бүгін үлкен мереке – Президент сайлауы. Сондықтан қуана дауыс беремін", – деді Кузьма Чуйкин.
Еске сала кетейік, учаскелік сайлау комиссиясына өтініш білдірген сайлаушылар үйінен дауыс беруге мүмкіндік алды. Бұл қызмет мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындарына, денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтындарға немесе отбасы мүшесіне қамқорлық жасайтындарға қолжетімді.
Жаңалықтар
0