сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Екі сағат қалды: қанша сайлаушы дауыс берді

© PhotoӘскери қызметші дауыс беріп жатыр
Әскери қызметші дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша дауыс берген сайлаушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана аумақтық комиссияларының мәліметі бойынша сағат 18.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауында дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың проценті 67,85%-і немесе 8 108 668 азамат бюллетень алды", - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Алматы қаласы сайлаушыларының белсенділігі әлі де төмен. Тұрғындардың небәрі 27,93 пайызы сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады.
Сайлаушылары ең белсенді үздік үш өңірге Түркістан (80,25%), Абай (78,88%) және Қарағанды (77,80%) облыстары еніп отыр.
Шетелде жүрген қазақстандықтар да саяси науқаннан тыс қалған жоқ. Бұған дейін ОСК шет елдердегі 68 сайлау учаскесінің 64-інде дауыс беру жүріп жатқанын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада дауыс беру басталды. Сан-Францискодағы тағы бір участок уақыт айырмашылығына байланысты кешірек ашылады. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін барлығы 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды.
Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 қазақстандық дауыс бере алады. Ол үшін барлығы 10 101 сайлау учаскесі ашылды.
Сайлауға алты кандидат түсіп жатыр. Олар:
Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция атынан);
Мейрам Қажыкен ( "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігі);
Жигули Дайрабаев ("Ауыл" партиясы);
Қарақат Әбден ("Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі);
Салтанат Тұрсынбекова ("Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі);
Нұрлан Әуесбаев (Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы).
Сондай-ақ сайлаушылар бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақты да таңдай алады. Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, осы жолы жаңа президент жеті жылға және тек бір мерзімге сайланады.
Жаңалықтар
0