Білім

Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік жарыста жүлделі болды

© Оқу-ағарту министрлігіҚазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада 2-ші орын алды
Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада 2-ші орын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Оқушыларымыз кезекті рет өте жоғары деңгей көрсетіп, алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшсында хабарлады.
Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті.
"Шымкент қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды.World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы. Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты", - деп жазды министр.
Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты.
Министр оқушыларды құттықтап, биік белестерді бағындыра берулерін тіледі.
Жаңалықтар
0