https://sputnik.kz/20221120/astanada-turgyndardy-azhaldan-arashalap-qalgan-ort-sondirushi-koz-zhumdy-29538515.html
Астанада тұрғындарды ажалдан арашалап қалған өрт сөндіруші көз жұмды
Астанада тұрғындарды ажалдан арашалап қалған өрт сөндіруші көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Асқар Забикулиннің артында әйелі мен екі баласы қалды 20.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-20T12:49+0500
2022-11-20T12:49+0500
2022-11-20T13:01+0500
қоғам
өрт сөндірушілер
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29538792_0:41:800:491_1920x0_80_0_0_83de91c62968e669f321141f4b2c6fa7.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Бүгін ауруханада жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманкулов. Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай еңбек етті. Асқар Забикулин Астана қаласында болған өрт кезінде адамдардың өмірін құтқару үшін батырлық танытты. Асқар Забикулиннің артында әйелі мен екі баласы қалды. Ол небәрі 28 жаста еді.Министрліктің хабарлауынша, қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі.Естеріңізге сала кетейік, Астанада Момышұлы даңғылындағы 15 қабатты үйде болған өрттен тұрғындарды аман алып шыққан өрт сөндіруші бірнеше күн ауруханада ауыр хәлде жатқан еді.Өрт сөндіруші өз өмірін қатерге тігіп үш адамды аман алып шығарды. Оның денесінің 80% -ін күйген.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған болатын.Өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі пәтер табысталатын болды. Астана әкімдігі пәтер демеушілер қаражаты есебінен берілгенін хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29538792_46:0:755:532_1920x0_80_0_0_072f8ebb2005ed498b28edf12d70a262.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт сөндірушілер
Астанада тұрғындарды ажалдан арашалап қалған өрт сөндіруші көз жұмды
12:49 20.11.2022 (жаңартылды: 13:01 20.11.2022) Асқар Забикулиннің артында әйелі мен екі баласы қалды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Бүгін ауруханада жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманкулов.
Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай еңбек етті.
Асқар Забикулин Астана қаласында болған өрт кезінде адамдардың өмірін құтқару үшін батырлық танытты.
"Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады. Асқар ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие", - делінген хабарламада.
Асқар Забикулиннің артында әйелі мен екі баласы қалды. Ол небәрі 28 жаста еді.
Министрліктің хабарлауынша, қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Момышұлы даңғылындағы 15 қабатты үйде болған өрттен тұрғындарды аман алып шыққан өрт сөндіруші бірнеше күн ауруханада
ауыр хәлде жатқан еді.
Өрт сөндіруші өз өмірін қатерге тігіп үш адамды аман алып шығарды. Оның денесінің 80% -ін күйген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен
марапатталған болатын.
Өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі
пәтер табысталатын болды. Астана әкімдігі пәтер демеушілер қаражаты есебінен берілгенін хабарлады.