Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Лиля ЛиловаГололед парализовал движение в Кызылорде
Гололед парализовал движение в Кызылорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2022
Жазылу
Синоптиктер 20 қарашада еліміздің 13 өңірінде дабылды ескерту жариялады
АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстікте, шығыста қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстікте, шығыста желдің күшеюі, солтүстікте бұрқасын күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет.
20 қарашада Атырау облысының шығысында және орталығында тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде және таңертен тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында оның күші 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және Орал қаласында тұман, көктайғақ болжанып отыр.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында және Алматы қаласында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз батысында және Ақтөбе қаласында көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ұлытау облысында солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанып отыр.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының оңтүстік жартысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Жаңалықтар
0