Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейлік сарапшы арнайы әскери операция бойынша қысқы жоспар туралы айтты

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРабота расчетов артиллерийских установок "Акация" на Запорожском направлении
Работа расчетов артиллерийских установок Акация на Запорожском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2022
Жазылу
Днепрдің сол жағалауында ресейлік әскердің жауынгерлік құрамаларының тығыз қорғанысы Украинаның әскери іс-қимыл театрында стратегиялық бастаманы иеленуге және 1 000 километр майдан шебінің бірнеше учаскесінде шабуылдау әрекетін дамытуға мүмкіндік береді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Батыста арнайы әскери операцияның қысқы мезгілде бәсеңдетілуі туралы ақпарат тым асыра айтылған.
Ресей Федерациясының әскері Купянск, Красно-Лиманск, Южно-Донецк, Лисичанск және Запорожье бағыттарында белсенді әрекет етіп, Угледардан Соледарға дейінгі кең аумақта соққы беріп жатыр. Донецк халық республикасының танкшілері Авдеевкаға қарай жол салып, қала аумағындағы қарсыластың бекіністеріне шабуыл жасап жатыр. Қарсы шабуылдар кезінде Украина Қарулы күштерінің адам күші мен техника шығыны тым үлкен болып жатыр. Артемовск маңындағы украин бригадалары жеңіліске ұшырап, қалған әскерден біріктірілген жасақтар құрылды.
Запорожье бағытында ресейлік әскер Большая Новоселкаға шабуыл жасап, артиллерия Гуляйполе мен Ореховқа соққы беруде. Ресейдің Гуляйпол маңындағы Украина Қарулы күштерінің позицияларына шабуылы украин саясаттанушысы Алексей Арестовичті алаңдатып, ол Донбастағы бекініс аймақтарында орналасқан украин бөлімшелерінің қоршауда қалу ықтималдығы жоғары екенін атап өтті. Украина Қарулы күштері Херсоннан Запорожье бағытына резервтерді көшіруге тырысып жатыр.
Украинаның әуе кеңістігі Ресейдің әскери-ғарыш күштерінің бақылауында тұр, ал МиГ-31БМ және Су-35С жойғыш ұшақтары патрульдеу кезінде қарсы тараптың ұшақтары мен тікұшақтарын Р-37М зымырандарымен 400 километрге дейінгі қашықтықта қиратып жатыр.
"Әуедегі шабуылдау операциясы сәтті жүріп жатыр – 15 қарашадан бастап ресейлік әскер Украинаның әскери басқару нысандары, қорғаныс-өнеркәсіптік кешені және олармен байланысты отын-энергетикалық инфрақұрылымдарына әуе, теңіз және құрлықтағы үлкен қашықтыққа ұшатын дәлдігі жоғары қарулармен жаппай және шоғырландырылған соққылар жасады. Мысалы, Днепропетровсктегі Южмаш зымыран зауытының цехтары, Николаев пен Одессадағы логистика нысандары қиратылды. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, барлық зымыран жоспарланған нысанаға дөп тиіп жатыр", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, бір ғана Павловка қаласын азат ету шайқасында Ресей әскері 1 400-ге дейін украин "киборгтарын", екі Су-25 шабуылдаушы ұшағын, бір Ми-8 тікұшағын, 12 танкті, 27 жаяу әскер машинасын және 30 басқа броньдалған машинаны, 6 артиллерия жабдығын және 28 пилотсыз ұшу аппаратын жойды.
Соңғы 24 сағат ішінде Украина Қарулы күштерінің адам шығыны 200-ге жуық әскери қызметкерді, үш танкті, бес жаяу әскер машинасын және тоғыз броньдалған басқа машинаны құрады. Украина Қарулы күштерінің Бас штабы әскердің "шектеулі мүмкіндіктері" туралы айтты.
Украина армиясына шетелдік әскери көмек айтарлықтай нәтиже беріп жатқан жоқ. Немістердің Ringtausch секілді ескі кеңестік қару-жарақтарды Украинаға жеткізу Ресей армиясынан басым түсуге ықпал етіп отырған жоқ. Себебі, Ресей Федерациясы НАТО-ның барлық қару-жарақ арсеналын тактикалық ядролық қаруды қолданбай-ақ қиратуға қабілетті. Сондықтан, миллиардтаған АҚШ доллары, дәлірек айтсақ, 18,2 миллиард доллар әскери қолдау қаражаты тиімсіз жұмсалды деуге болады.
"Шетелдік жалдамалы әскер алдыңғы шептегі санына қарамастан әлемнің ешбір елінде әскери жеңісті қамтамасыз еткен жоқ. Украинада да солай болары белгілі. Мысалы, 15 қарашада австралиялық Bushmaster PMV броньдалған машинасындағы Купянск бағытында поляк жалдамалы жауынгерлерінің үлкен тобының жойылды", - деп жазды Хроленко.
АҚШ-тағы The American Conservative басылымы "бүкіл америкалық саяси элита, Орталық барлау қызметі және әскери истэблишмент Ресей Федерациясын әдейі арандатып, бұл Украинадағы қақтығыстың шиеленісуіне әкелгенін" жазды. Газеттегі мақалада "АҚШ-тың саясаты Украина мен Ресей арасындағы қайшылықты өршітуге бағытталған. Сондықтан сыртқы саясат пен әскери элита антагонистік саясат салдары үшін жауап беруі керектігі" жазылған".
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0