"Қазақстан аруы-2022" байқауының жеңімпазы анықталды – фото

Жазылу
АЛМАТЫ, 19 қараша - Sputnik. "Қазақстан аруы-2022" байқауына 20 мыңнан астам ару өтініш білдірген. Олардың ішінен 23 ару таңдалып алынды.
Алматыда өткен республикалық байқауда бас жүлдені 24 жастағы астаналық ару Томирис Кәкімбекова жеңіп алып, осы жылдың "Қазақстан аруы" атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жарты жыл бұрын кастинг жарияланып, кіл сұлу бағын сынаған байқау мәресіне жетті. Байқаудың жаңа ұйымдастырушылары бұл жолғы "Қазақстан аруын" таңдауда талаптың қатал болғанын айтады.
© Sputnik/Ертай Сарбасов

"Қазақстан аруы 2022" байқауының жеңімпазы

"Қазақстан аруы 2022" байқауының жеңімпазы - Sputnik Қазақстан
1/5

"Қазақстан аруы 2022" байқауының жеңімпазы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

"Қазақстан аруы" байқауы

"Қазақстан аруы" байқауы - Sputnik Қазақстан
2/5

"Қазақстан аруы" байқауы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

"Қазақстан аруы" байқауы

"Қазақстан аруы" байқауы - Sputnik Қазақстан
3/5

"Қазақстан аруы" байқауы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Светлана Лобода "Қазақстан аруы" байқауында

Светлана Лобода "Қазақстан аруы" байқауында - Sputnik Қазақстан
4/5

Светлана Лобода "Қазақстан аруы" байқауында

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Дана Есеева мен продюсер Жан Мұканов"Қазақстан аруы" байқауында

Дана Есеева мен продюсер Жан Мұканов"Қазақстан аруы" байқауында - Sputnik Қазақстан
5/5

Дана Есеева мен продюсер Жан Мұканов"Қазақстан аруы" байқауында

"Қазақ елінен әлемдік байқауға баратын қазақ қызы осал болмауы керек. Біз сол себепті байқау талаптарын күшейттік. Сондай-ақ дене бітіміне ғана емес, рухани байлығына, тәрбиесіне, сөйлеген сөзі мен жүріс-тұрысы, барлық қасиетіне қарадық. Бір әттеген-ай дейтінім, қазақтың барлық қызы тілін бұрамай қазақша сөйлесе деп ойлаймын", - дейді "Қазақстан аруы " байқауының президенті Айдай Исаева.
Байқауда қазылар алқасының мүшелері шоу бизнес өкілдері болды. Соның бірі - украиналық әнші Светлана Лобода да болды.
"Негізгі мұндай байқаулар өте көңілсіз өтетіні бар. Бірақ Қазақстандағы бұл байқау өте тамаша өтті. Көңілім толып, риза болып тұрмын. Ұйымдастырушылардың үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны көрініп тұр", - деді Светлана Лобода.
Екі сағатқа созылған байқауда қыздар төрт рет сахна төрінде сән үлгілерін көрсетіп, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Әр кезең сайын арулардың мықтылары таңдалып алынды. Бірінші кезеңде 12 ару озық шықса, қазылар алқасының шешімімен үшінші кезеңде қатарластарынан басым түскен бес ару таңдалып алынды.
Қыздардың сұлулықтары ғана емес, бағындырған биігі, жеткен жетістігі де таразы басына салынды. Ақтық кезеңде бес сайыскердің ішінен 24 жастағы астаналық Томирис Кәкімова бас жүлдені иеленіп, "Әлем аруына" жолдама және 5 млн теңге алды. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының бірінде тегін білім алады.
19 жастағы алматылық Диана Тәшімбаева "Әлем аруы Қазақстан" тәжін және "Әлем аруына" жолдама алды. Алматылық тағы бір ару Дильназ Тилаеваға "Қазақстан жер аруы" атағы мен "Жер аруы" халықаралық байқауына жолдама бұйырды.
Ал Томирис Заир "Қазақстан-2022 Вице-аруы"атанды.Көрермендердің берген дауысынан семейлік 18 жастағы Алтыния Ғазизова жеңімпаз атанды.
Жаңалықтар
0