https://sputnik.kz/20221118/uzdik-pedagog-2022-bayqauynyn-zhenimpazdaryna-190-mln-tengeden-astam-qarazhat-berildi-29455506.html
"Үздік педагог-2022" байқауының жеңімпаздарына 190 млн теңгеден астам қаражат берілді
"Үздік педагог-2022" байқауының жеңімпаздарына 190 млн теңгеден астам қаражат берілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанда "Үздік педагог-2022" республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, 64 жеңімпаз анықталды. 18.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-18T15:52+0500
2022-11-18T15:52+0500
2022-11-18T15:52+0500
үздік педагог
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/12/29453057_0:65:1280:785_1920x0_80_0_0_934106c9c93e575f5fdb4ed03e08cb11.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанда "Үздік педагог-2022" республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, 64 жеңімпаз анықталды.Олардың әрқайсысына 3 миллион теңгеден берілді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі елордадағы Radisson Hotel Astana қонақ үйінде өтті.Салтанатты шарада оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді табыс етті.Ол әріптестерін "Үздік педагог" атағы берілуімен құттықтап, оларға білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ министр ұстаздарға қиын, бірақ құрметті кәсіпте жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім "Үздік педагог – 2022" атағы үшін тартысқа түскен. Байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың арқасында биыл жалпы байқауға мұғалімдердің рекордтық саны – 5,5 мыңнан астам ұстаз қатысты.Өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың қарқынын онлайн бақылап, қатысушылар қай кезеңде, қандай ұпайлар алғанын біліп отыру мүмкіндігіне ие болды. Байқаудың республикалық кезеңінің қатысушылары өткізген ашық сабақтарды конкурстық комиссия бағалады.Республикалық конкурс комиссиясының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді ұстаздар кірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/12/29453057_74:0:1207:850_1920x0_80_0_0_ca4fbf820680e53b1a9abf7c11d15848.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үздік педагог
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанда "Үздік педагог-2022" республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, 64 жеңімпаз анықталды.
Олардың әрқайсысына 3 миллион теңгеден берілді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі елордадағы Radisson Hotel Astana қонақ үйінде өтті.
Салтанатты шарада оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді табыс етті.
Ол әріптестерін "Үздік педагог" атағы берілуімен құттықтап, оларға білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ министр ұстаздарға қиын, бірақ құрметті кәсіпте жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.
Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім "Үздік педагог – 2022" атағы үшін тартысқа түскен. Байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың арқасында биыл жалпы байқауға мұғалімдердің рекордтық саны – 5,5 мыңнан астам ұстаз қатысты.
Өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың қарқынын онлайн бақылап, қатысушылар қай кезеңде, қандай ұпайлар алғанын біліп отыру мүмкіндігіне ие болды. Байқаудың республикалық кезеңінің қатысушылары өткізген ашық сабақтарды конкурстық комиссия бағалады.
Республикалық конкурс комиссиясының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді ұстаздар кірді.