сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Украинада жүрген қазақстандықтар қай жерде дауыс береді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинцы голосуют на выборах
Алматинцы голосуют на выборах - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Украинадағы Қазақстан азаматтары Варшавада дауыс береді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды. Барлығы алдағы президент сайлауы дайын. Ол жерде жалпы 12 527 адам дауыс береді деген жоспар бар.
"Өздеріңізге белгілі, Украинадағы ахуалға байланысты сол жердегі Қазақстан азаматтары мен елшілік қызметкерлері Варшава қаласында (Польша астанасы) дауыс береді ", - деді Әділбаев орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні болып саналады. Ертең - тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы басталады.
Жаңалықтар
0