https://sputnik.kz/20221118/qazaqstanda-zhumyrtqa-bir-zhylda-15-ke-qymbattady-29443027.html
Қазақстанда жұмыртқа бір жылда 15%-ке қымбаттады
Қазақстанда жұмыртқа бір жылда 15%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Осы жылдың он айында бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы 14,8%-ке өсті. 18.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-18T12:57+0500
2022-11-18T12:57+0500
2022-11-18T12:57+0500
экономика
жұмыртқа
баға
https://sputnik.kz/img/07e6/06/16/25685326_0:29:1281:749_1920x0_80_0_0_0c24146ff9e2dca20cfb789a715affea.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Осы жылдың он айында бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы 14,8%-ке өсті. Energyprom.kz мониторинг компаниясының мәліметінше, қазан айында баға 6,3%-ке қымбаттаған. Бағаның өсу қарқыны жоғары аймақтар: Ұлытау облысы – 19,8%-ке; Павлодар облысы – 14,7%-ке; Қызылорда облысы – 13,6%-ке. Бағаның қымбаттауы төмен өңірлер ішінде Алматы облысы 0,4% көрсеткішімен көш бастап тұр. Жиырма облыстың ішінде айлық қарқын бойынша баға тек Алматыда өзгерген жоқ. Жылдық қарқын бойынша жұмыртқа Қызылорда облысында 52,2%-ке, Қостанай облысында 34,1%-ке, Батыс Қазақстан облысында 32,5%-ке қымбаттады. Бұл ретте Алматыда, керісінше, баға 4%-ке, Жетісу облысында 0,4%-ке төмендеді. Елімізде 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,8 миллиард дана жұмыртқа өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,3%-ке артық. Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр: 559,6 миллион дана жұмыртқа өндірілген және бұл бір жылда 40,7%-ке өсімді көрсетеді. Одан кейін Ақмола (555,5 миллион жұмыртқа, -7,4%) және Қарағанды (472,9 миллион жұмыртқа, -2%) облыстары тұр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/16/25685326_0:0:1099:824_1920x0_80_0_0_bf4ec3ed3cc4397aacc05bd9440972e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыртқа, баға
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Осы жылдың он айында бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы 14,8%-ке өсті.
Energyprom.kz мониторинг компаниясының мәліметінше, қазан айында баға 6,3%-ке қымбаттаған.
Бағаның өсу қарқыны жоғары аймақтар: Ұлытау облысы – 19,8%-ке; Павлодар облысы – 14,7%-ке; Қызылорда облысы – 13,6%-ке.
Бағаның қымбаттауы төмен өңірлер ішінде Алматы облысы 0,4% көрсеткішімен көш бастап тұр.
Жиырма облыстың ішінде айлық қарқын бойынша баға тек Алматыда өзгерген жоқ. Жылдық қарқын бойынша жұмыртқа Қызылорда облысында 52,2%-ке, Қостанай облысында 34,1%-ке, Батыс Қазақстан облысында 32,5%-ке қымбаттады. Бұл ретте Алматыда, керісінше, баға 4%-ке, Жетісу облысында 0,4%-ке төмендеді.
Елімізде 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,8 миллиард дана жұмыртқа өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,3%-ке артық.
Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр: 559,6 миллион дана жұмыртқа өндірілген және бұл бір жылда 40,7%-ке өсімді көрсетеді. Одан кейін Ақмола (555,5 миллион жұмыртқа, -7,4%) және Қарағанды (472,9 миллион жұмыртқа, -2%) облыстары тұр.