Ильин Астанада күйік шалған өрт сөндірушілердің жағдайын сұрап ауруханаға барды

© Photo : Пресс-служба МЧС РКЮрий Ильин Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасын тапсырды
Юрий Ильин Аян Кемпіровке  ІІІ дәрежелі Айбын мемлекеттік наградасын тапсырды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин адамдарды құтқару барысында зардап шеккен елордалық өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аяна Кемпіровтің жағдайын білу үшін ауруханаға барды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Юрий Ильин өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аян Кемпировтың емі қалай жүріп жатқанын білді. Қызметкерлердің туыстары мен жақындарымен кездесіп, оларға шыдамдылық, табандылық және тез сауығып кетуін тіледі.
Қазіргі уақытта Асқар Забикулин №1 көпсалалы қалалық аурухананың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр, күйік ауданы 80%, жағдайы өте ауыр деп бағаланды.
Тағы бір зардап шеккен № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров комбустиология бөлімінде ем қабылдап жатыр, күйік ауданы – 7-10%.
Ауруханаға барған кезде министр № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіровке Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен берілген ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасын тапсырды.
© Photo : Пресс-служба МЧС РКЮрий Ильин Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасын тапсырды
Юрий Ильин Аян Кемпіровке  ІІІ дәрежелі Айбын мемлекеттік наградасын тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Юрий Ильин Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасын тапсырды
"Маған мемлекет басшысы жоғары сенім білдіріп, өз атынан біріншіден, қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығыңыз үшін алғыс айту тапсырылды. Сіздің тез сауығып кетуіңізді тілеймін. Сонымен қатар осы жерде тұрған дәрігерлерге жеделдігі мен уақтылы атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Олардың айтуынша жағдайыңызда жақсару динамикасы бар", - деп атап өтті Юрий Ильин.
Мемлекеттік награданы табыс ете отырып Юрий Ильин Аян Кемпіровтің анасына баласына осындай тәрбие бергені үшін алғысын білдірді.
ТЖМ-ның ұжымы Асқар Забикулиннің тезірек сауығып кетуін тілейді, оған да Қазақстан президентінің жарлығымен берілген І дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасы табысталады.
© Photo : Пресс-служба МЧС РКТЖ министрі Юрий Ильин мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Асқар Забикулиннің отбасына барды
ТЖ министрі Юрий Ильин мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Асқар Забикулиннің отбасына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
ТЖ министрі Юрий Ильин мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Асқар Забикулиннің отбасына барды
ТЖ министрі Юрий Ильин мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Асқар Забикулиннің отбасына барып, үш бөлмелі пәтерге сертификат табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен беріледі. Сонымен қатар өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетіні аталып өтті. Екі отбасына да несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.
© Photo : Пресс-служба МЧС РКЮрий Ильин Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасын тапсырды
Юрий Ильин Аян Кемпіровке  ІІІ дәрежелі Айбын мемлекеттік наградасын тапсырды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Юрий Ильин Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасын тапсырды
Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылындағы пәтерден өрт шықты. Шақыру орнына жеке құрамның 26 адамы мен 6 бірлік техника келген, онда он бес қабатты тұрғын үйдің он бірінші қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Құтқару арқанының көмегімен 12-ден 11-қабатқа түсіп, пәтерге кіру туралы шешім қабылданды. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі, ал артқы жағында тыныс алу аппараты терезе саңылауынан өтуді қиындатқан, уақыт өтіп, көмек сұрап жалынған айқайлар күшейе түсті және өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин жауынгерлік киімін шешіп, жанып жатқан пәтерге кіруге шешім қабылдады, нәтижесінде әртүрлі дәрежедегі күйіктер алды.
Осы уақытта № 10 өрт сөндіру бөлімінің командирі Аян Кемпіров есікті бұзып, шанц құралының көмегімен пәтерге кіріп, Асқармен бірге 80 жастағы әйел мен 22 жастағы қызды шығарып, құтқарды.
Дәл осы сәтте әйелдің қатты түтін болған көрші пәтерде бала қалды деген тағы бір айқайы естілді. Асқар ойланбастан пәтерге жүгіріп барып, балконға үрейленіп жасырынған шамамен он жасар баланы тапты. Көмек сұрап айқайлаған балаға кейінірек анықталғандай, баланың өмірін сақтап қалуға тырысқан ер адам жүгіріп көмекке келген. Асқар құтқарылған баламен және ер адаммен бірге автосаты арқылы аман-есен түсті.
Өрт сөндірушілер өз өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан және көрші пәтерлерден бес адамды құтқарды, оның ішінде екі бала және он адам эвакуацияланды.
Жаңалықтар
0