Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі өтеді

© Официальный канал Парламентской Ассамблеи ОДКБҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. 23 қарашада Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон отырыс өткізеді.
"Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері сессияаралық кезеңде халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы қызметінің негізгі нәтижелерін талқылайды. ҰҚШҰ-ның дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру және Армения Республикасына көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылау маңызды мәселелердің бірі болады. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы қабылданады деп жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Президент Александр Лукашенко ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Беларусь Республикасына ауысуына байланысты 2022-2023 жылдары жүзеге асырылатын елдің басымдықтарын таныстырады.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының күн тәртібінде бітімгершілік күштерді заманауи қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен жарақтандыруға, ҰҚШҰ-ны радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс пен медициналық қамтамасыз етуді бірлесіп құруға, "Наемник" жедел-профилактикалық іс-шаралар кешеніне аймақтық терроризмге қарсы операциялар мәртебесін беруге қатысты қол қоюды қажет ететін бірқатар құжат бар. ҰҚШҰ-ның 2023 жылға арналған бюджеті қаралады. Алдағы ротацияға байланысты 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы туралы мәселені қарастырады.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының алдында Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді және оның барысында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының алдағы күн тәртібі талқыланады.
Сондай-ақ бірқатар маңызды саяси мәлімдеме, соның ішінде халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен қаруды бақылау, қарусыздану және қаруды таратпау архитектурасын нығайту бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің мәлімдемесін қабылдау жоспарланып отыр. Нацизмді, неонацизмді, экстремизмді, шовинизмді, ксенофобияның барлық түрін дәріптеу әрекеттерін сынға алу бойынша Қауіпсіздік кеңестері хатшылары мәлімдеме жасайды деп жоспарланып отыр.
ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті "Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі құзырлы органдарының Үйлестіру кеңесінің құрамы туралы" шешім қабылдайды.
Жаңалықтар
0