https://sputnik.kz/20221118/dauys-beru-zhane-ony-sanau-tolygymen-zanga-saykes-otedi--toqaev-29461117.html
Дауыс беру және оны санау толығымен заңға сәйкес өтеді – Тоқаев
Дауыс беру және оны санау толығымен заңға сәйкес өтеді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтық коалиция форумында 20 қарашада өтетін президент сайлауы қатаң заңға сәйкес... 18.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-18T17:25+0500
2022-11-18T17:25+0500
2022-11-20T17:20+0500
президент сайлауы
президент сайлауы - 2022
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/12/29454978_0:24:1280:744_1920x0_80_0_0_39c2238ef93fc40b9ae75468666ff6f5.jpg
АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтық коалиция форумында 20 қарашада өтетін президент сайлауы қатаң заңға сәйкес өтетініне кепілдік берді."Осы сайлаудың ашық әрі әділ өтуі мен үшін айрықша маңызды. Үгіт-насихат науқаны кезінде үміткерлерге тең мүмкіндік берілді. Олар аймақтарды аралап, сайлаушылармен еркін кездесті. Ақпарат құралдарын қалауынша пайдаланды" , - деді Тоқаев өз жақтастарының форумында. Оның сөзін президент сайлауына үміткер ретінде Тоқаевқа арнап ашылған телеграм канал жариялады.Оның айтуынша, сайлау алдындағы науқанды бәрі бірдей өткізуіне толық жағдай жасалды. Әкімшілік ресурстарды пайдаланбауға баса мән берілді. Бұған қатысты арыз-шағым болған жоқ. Барлығы заң аясында өтті."Халықтың әділ сайлау өткізуге деген ұмтылысы мен сенімін таптауға болмайды. Бұл – тарихтың алдындағы зор жауапкершілік", - деп толықтырды Тоқаев.Президенттің пікірінше, шындықты үнемі жасыру билік пен қоғамның арасын ажыратып, сенімсіздікті арттырады, мемлекеттің әділдігіне күмән туғызады."Қоғамның барлық саласын түбегейлі реформалауға кірісе отырып, біз мемлекеттілігіміздің жаңа дәуіріне қадам басамыз. Еліміздегі саясат, экономика және әлеуметтік салаларда адал әрі әділ ойын ережелерін бекіту аса маңызды. Клептократия мен жемқорлық, фаворитизм мен ысырапшылдық, патернализм мен масылдық, әлеуметтік апатия мен немқұрайлылық сияқты теріс құбылыстар өткен шақтың еншісінде қалуы керек", - деді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/12/29454978_128:0:1152:768_1920x0_80_0_0_911a352654093d3fc47443afb0e78202.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтық коалиция форумында 20 қарашада өтетін президент сайлауы қатаң заңға сәйкес өтетініне кепілдік берді.
"Осы сайлаудың ашық әрі әділ өтуі мен үшін айрықша маңызды. Үгіт-насихат науқаны кезінде үміткерлерге тең мүмкіндік берілді. Олар аймақтарды аралап, сайлаушылармен еркін кездесті. Ақпарат құралдарын қалауынша пайдаланды" , - деді Тоқаев өз жақтастарының форумында. Оның сөзін президент сайлауына үміткер ретінде Тоқаевқа арнап ашылған телеграм канал жариялады.
Оның айтуынша, сайлау алдындағы науқанды бәрі бірдей өткізуіне толық жағдай жасалды. Әкімшілік ресурстарды пайдаланбауға баса мән берілді. Бұған қатысты арыз-шағым болған жоқ. Барлығы заң аясында өтті.
"Мен үгіт-насихат қана емес, дауыс беру және оны санау да толығымен заңға сәйкес өтетініне кепілдік бердім. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік органдарға, орталық және жергілікті сайлау комиссияларына қойылатын талап", - деп атап өтті Тоқаев.
"Халықтың әділ сайлау өткізуге деген ұмтылысы мен сенімін таптауға болмайды. Бұл – тарихтың алдындағы зор жауапкершілік", - деп толықтырды Тоқаев.
Президенттің пікірінше, шындықты үнемі жасыру билік пен қоғамның арасын ажыратып, сенімсіздікті арттырады, мемлекеттің әділдігіне күмән туғызады.
"Қоғамның барлық саласын түбегейлі реформалауға кірісе отырып, біз мемлекеттілігіміздің жаңа дәуіріне қадам басамыз. Еліміздегі саясат, экономика және әлеуметтік салаларда адал әрі әділ ойын ережелерін бекіту аса маңызды. Клептократия мен жемқорлық, фаворитизм мен ысырапшылдық, патернализм мен масылдық, әлеуметтік апатия мен немқұрайлылық сияқты теріс құбылыстар өткен шақтың еншісінде қалуы керек", - деді Тоқаев.