https://sputnik.kz/20221118/byulletender-saylau-uchaskelerine-zhetkizildi--video-29469330.html
Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне жеткізілді – видео
Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне жеткізілді – видео
Sputnik Қазақстан
Президент сайлауына арналған дауыс беру бюллетеньдері учаскелерге жеткізілді. Sputnik Қазақстан тілшілері үш бірдей сайлау учаскесі ашылған Әл-Фараби атындағы... 18.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-18T18:25+0500
2022-11-18T18:25+0500
2022-11-18T18:25+0500
видео
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/12/29468219_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_be72a079474191d18956c44f8fa2c4c0.jpg
58 сайлау учаскесінің төрағасы Қымбат Іргебаеваның айтуынша, барлық бюллетень сейфке салынды."20 қараша күні таңертең сағат 5:30-да жұмысымызды бастаймыз, ал 6:00-де бақылаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қабылдай бастаймыз. Сол адамдардың көзінше сейф ашылып, бюллетеньдер біздің сайлау комиссиясының мүшелеріне таратылып беріледі. Берілгеннен кейін ол кісілер сағат жетіден бастап сайлаушыларды қабылдай бастайды", - дейді Іргебаева.Биыл осы жерде үшінші сайлау учаскесін ашуға тура келді. Себебі қала халқының саны өсіп жатыр."Биылға дейін бізде екі сайлау учаскесі болған, 58-ші және 59-шы. Алматы ауданы, оның ішінде осы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының маңайында қоныстанған халықтың көбеюіне байланысты 355-ші жаңа сайлау учаскесі ашылып жатыр. Ең қуантатыны, биыл тізімнен өзін тексеретін сайлаушылар көбейді. Белсенділігі артты", - деп атап өтті Іргебаева.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/12/29468219_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_0ee3e52da27cec9a322b38f89c04ff9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы, видео
Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне жеткізілді – видео
Президент сайлауына арналған дауыс беру бюллетеньдері учаскелерге жеткізілді. Sputnik Қазақстан тілшілері үш бірдей сайлау учаскесі ашылған Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайына барып қайтты
58 сайлау учаскесінің төрағасы Қымбат Іргебаеваның айтуынша, барлық бюллетень сейфке салынды.
"20 қараша күні таңертең сағат 5:30-да жұмысымызды бастаймыз, ал 6:00-де бақылаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қабылдай бастаймыз. Сол адамдардың көзінше сейф ашылып, бюллетеньдер біздің сайлау комиссиясының мүшелеріне таратылып беріледі. Берілгеннен кейін ол кісілер сағат жетіден бастап сайлаушыларды қабылдай бастайды", - дейді Іргебаева.
Биыл осы жерде үшінші сайлау учаскесін ашуға тура келді. Себебі қала халқының саны өсіп жатыр.
"Биылға дейін бізде екі сайлау учаскесі болған, 58-ші және 59-шы. Алматы ауданы, оның ішінде осы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының маңайында қоныстанған халықтың көбеюіне байланысты 355-ші жаңа сайлау учаскесі ашылып жатыр. Ең қуантатыны, биыл тізімнен өзін тексеретін сайлаушылар көбейді. Белсенділігі артты", - деп атап өтті Іргебаева.