Батыс Қазақстанда екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысты

© Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіБатыс Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты
Батыс Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында DAF маркалы екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 17 қарада сағат 16:30-да болған. Подстепный ауылына жақын жерде DAF маркалы екі жүк көлігі соқтығысты. 44 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі қатты зардап шекпеген.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3 бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Облыстық полиция көлік жүргізушілері мен жолаушыларғаа жол ережелерін қатаң сақтауды және жолда абай болу қажеттігін ескертеді. Ауа-райының өзгеруіне байланысты алыс жолға шықпаған дұрыс.
Жаңалықтар
0