Астанада демалыс күндері азық-түлік нарық бағасынан 10-15%-ке арзан сатылады

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Алдағы демалыс күндері, 19-20 қарашада Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Ол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге тауар өндірушілер қатысады. Олар бірқатар тауар түрін ұсынады: ет және шұжық өнімдерінің түр-түрі, ұн және макарон өнімдері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық түрі: көкөністер, нан, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және тағы басқалар.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңке Жүргенов, 29 және Сауран, 7 мекенжайы бойынша елорданың оң және сол жағалауында өтеді.
Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Ал өнімдер нарық бағасынан 10-15%-ке төмен сатылады.
Айта кетері, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Мереке аясында мұндай жәрмеңкелер Қазақстанның барлық аумағында өткізіледі.
Жаңалықтар
0