https://sputnik.kz/20221117/uqk-saylau-kuni-zhappay-tartipsizdik-29413905.html
ҰҚК сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалған 7 адамды ұстады
ҰҚК сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалған 7 адамды ұстады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл 20 қарашада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған қылмыстық топтың жолын кесті. 17.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-17T15:11+0500
2022-11-17T15:11+0500
2022-11-17T15:11+0500
қоғам
сайлау
тәртіпсіздік
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_0:0:2871:1615_1920x0_80_0_0_d87a6746c6b907f62eb520da2f199d0b.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл 20 қарашада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған қылмыстық топтың жолын кесті.Арнайы операция барысында 7 адам ұсталды.Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұстағандардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар тәркіленді."Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны құжатталған", - делінген хабарламада.Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларды сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланған.Топ мүшелері "бөтелке лақтырғыш" деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне "Молотов коктейльдерін" лақтырып, оларды жоюды жоспарлаған.Қылмыс жасауға арналған қару-жарақты жасырған қойма ұйымдастырған – Калашников автоматы, ойық ұңғылы "Меркель" мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрі, "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтығы бар бөтелкелер, "бөтелке лақтырғыштар", бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған.Күдіктілер ҚПҚ 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Өзге мәліметтер ҚПҚ 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_87:0:2818:2048_1920x0_80_0_0_8870b2772196d33311a3688ab42ef86d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, тәртіпсіздік
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл 20 қарашада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған қылмыстық топтың жолын кесті.
Арнайы операция барысында 7 адам ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұстағандардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар тәркіленді.
"Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны құжатталған", - делінген хабарламада.
Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларды сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланған.
Топ мүшелері "бөтелке лақтырғыш" деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне "Молотов коктейльдерін" лақтырып, оларды жоюды жоспарлаған.
Қылмыс жасауға арналған қару-жарақты жасырған қойма ұйымдастырған – Калашников автоматы, ойық ұңғылы "Меркель" мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрі, "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтығы бар бөтелкелер, "бөтелке лақтырғыштар", бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған.
Күдіктілер ҚПҚ 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге мәліметтер ҚПҚ 201-бабына сәйкес жария етілмейді.