Түркістан облысында жоғалып кеткен шопан мен бір отар қой табылды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері қолайсыз ауа райында жоғалып кеткен шопан мен бір отар қойды тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
Сауран аудандық полиция бөліміне кешкі сағат 21:48 шамасында облыс орталығының тұрғыны хабарласқан. Ер адам Майдантал ауылынан 10-15 шақырым жерде жайылымда жүрген қойшысы мен отар қойын таба алмай жатқанын айтқан. Қала тұрғыны нөсер жаңбыр мен тұманның салдарынан қойшы мен қойларын іздеп таппаған.
Тәртіп сақшылары бұл жайтты дереу тіркеп, шопан мен жоғалған қойларды жедел іздеуге шыққан. Саурандық полицейлер мен Түркістан облысы бойынша ТЖМ қызметкерлері бірлесіп, мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы аумақтарды қарады. Тек бір тәуліктен кейін ғана жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары отар қойды және онымен бірге жоғалған шопанды тапты. Табылған қойлар заңды иесіне қайтарылды.
Шопан мал жайып жүріп, ауа райының қолайсыздығы салдарынан адасып кеткен. Ер адам кері жол тауып қайтқанымен, қой отарымен басқа жаққа ығып кеткен. Қойшы да, қой да аман.
Жаңалықтар
0