Шымкентте қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуТрубы завода, архивное фото
Трубы завода, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Шымкентте жыл басынан бері қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорындарға 57 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, 173 әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Хабар 24.
Сот 10 мекеменің жұмысын уақытша тоқтатқан. Зауыттардың көбі индустриалды аймақта орналасқан. Олардың мұржасынан шыққан түтін арнайы сүзгіден өткізілмеген. Одан бөлек сарқынды су құрамында зиянды қалдықтар табылған. Тіпті кейбірі ашық су көздерін ластапты. Өндіріс орындарына жергілікті халықтың арызы бойынша тексеріс жүргізілген екен.
Экологтар былтырғымен салыстырғанда заң бұзушылық дерегі жеті есеге артып отырғанын айтады.
Жаңалықтар
0