https://sputnik.kz/20221117/qazaqstandagy-ush-partiyaga-qansha-aqsha-bolinedi---qarzhy-ministri-aytty-29403496.html
Қазақстандағы үш партияға қанша ақша бөлінеді - қаржы министрі айтты
Қазақстандағы үш партияға қанша ақша бөлінеді - қаржы министрі айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саяси партияларға бөлінетін қаржының сомасын жариялады, деп... 17.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-17T10:16+0500
2022-11-17T10:16+0500
2022-11-17T10:16+0500
қоғам
партия
қаржы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23560792_674:0:4315:2048_1920x0_80_0_0_f9b2579f129ce800436fa79a46fb45cd.jpg
АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саяси партияларға бөлінетін қаржының сомасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер саяси партияларға бөлінетін бюджет қаржысы туралы сұрады. "Amanat партиясына жыл сайын бір миллиард доллар бөлінеді деген ақпарат бар. Рас па?", - деді тілшілер. Министр ол ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ бюджеттен мәжілісте отырған партияларға ақша бөлінетінін растады."Бізде партияларды қаржыландыру туралы толық ақпарат бар. Оған Amanat қана емес, мәжілісте отырған басқа партиялар кіреді. Нақты есеп-қисап бар, заңмен бекітілген. Осы есеп-қисапқа сәйкес, жаңағы партияларға қаржы бөлінеді. Жалпы, барлық партияға жыл сайын 8 миллиард теңге, жаңылмасам, солай", - деп атап көрсетті министр. Оның сөзіне қарағанда, республикалық бюджетте ол шығындардың бәрі көрсетілген. Айта кетері, қазіргі кезде парламенттің төменгі палатасы - мәжілісте үш партия бар. Олар -Amanat, Қазақстан халқы партиясы және Ақ жол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23560792_1584:0:4315:2048_1920x0_80_0_0_3e274e3d91b97be3c287dea3268cf54c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия, қаржы министрлігі
партия, қаржы министрлігі
Қазақстандағы үш партияға қанша ақша бөлінеді - қаржы министрі айтты
АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саяси партияларға бөлінетін қаржының сомасын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер саяси партияларға бөлінетін бюджет қаржысы туралы сұрады.
"Amanat партиясына жыл сайын бір миллиард доллар бөлінеді деген ақпарат бар. Рас па?", - деді тілшілер.
Министр ол ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ бюджеттен мәжілісте отырған партияларға ақша бөлінетінін растады.
"Бізде партияларды қаржыландыру туралы толық ақпарат бар. Оған Amanat қана емес, мәжілісте отырған басқа партиялар кіреді. Нақты есеп-қисап бар, заңмен бекітілген. Осы есеп-қисапқа сәйкес, жаңағы партияларға қаржы бөлінеді. Жалпы, барлық партияға жыл сайын 8 миллиард теңге, жаңылмасам, солай", - деп атап көрсетті министр.
Оның сөзіне қарағанда, республикалық бюджетте ол шығындардың бәрі көрсетілген.
Айта кетері, қазіргі кезде парламенттің төменгі палатасы - мәжілісте үш партия бар. Олар -Amanat, Қазақстан халқы партиясы және Ақ жол.