Қазақстандағы McDonald's өз жұмысын тоқтататынын мәлімдеді

© Sputnik / Ертай Сарбасов McDonald's
McDonald's   - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ертең, 18 қарашадан бастап Қазақстандағы McDonald's-тың барлық мейрамханасы жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Компания мамандары тауар жеткізу жағынан шектеулер шыға бастағанын, сол себепті барлық мейрамхананың жұмысын уақытша тоқтатуға тура келетінін айтып отыр.
"Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, "Food Solutions KZ" ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі болып саналады. Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және оларда 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Жаңалықтар
0