https://sputnik.kz/20221117/qazaqstanda-onerkasip-ondirisi-eki-esege-zhuyq-osti-29367027.html
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі екі есеге жуық өсті
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі екі есеге жуық өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Еліміздің 13 өңірінде өндіріс көлемі артты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. 17.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-17T21:51+0500
2022-11-17T21:51+0500
2022-11-17T21:51+0500
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1c/25806188_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_d3def39e0579ea2d405a869b02793ceb.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Еліміздің 13 өңірінде өндіріс көлемі артты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы."Жамбыл (11,1%), Абай (9,4%), Ақмола облыстарында (8,8%) және Алматы қаласында (9,2%) көлемінде айтарлықтай өсім байқалды. Төмендеу көрсеткіші Қостанай (4,3%), Түркістанда (4,2%), Жетісу (2,4%), Атырау (1,9%), Батыс Қазақстан (1,3%), Қызылорда (1,3%) және Павлодар (0,9%) облыстарында тіркелді", – деп жазды мамандар.Осы жылдың он айында өндірілген өнім көлемі 39 720 миллиард теңгені құрады. Оның жартысына жуығы, яғни 20 628 миллиард теңгесі тау-кен өнеркәсібіне, 16 972 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.Ұлттық статистика бюросы ақпараты бойынша, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі өскен. Оның ішінде түрлі-түсті металл кендерін өндіруде – 107,8%, көмір – 101,6%, сусындар өндірісі – 108,9%, темекі өнімдері – 112,7%, жеңіл өнеркәсіп – 107,8%, химия өнеркәсібі – 110,6% және металлургия өнеркәсібі – 104,4%, сондай-ақ резеңке және пластмасса бұйымдары – 104%-ке өскен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1c/25806188_129:0:2858:2047_1920x0_80_0_0_76c05d6fa10678e771115af396a6f6c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Еліміздің 13 өңірінде өндіріс көлемі артты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
"Жамбыл (11,1%), Абай (9,4%), Ақмола облыстарында (8,8%) және Алматы қаласында (9,2%) көлемінде айтарлықтай өсім байқалды. Төмендеу көрсеткіші Қостанай (4,3%), Түркістанда (4,2%), Жетісу (2,4%), Атырау (1,9%), Батыс Қазақстан (1,3%), Қызылорда (1,3%) және Павлодар (0,9%) облыстарында тіркелді", – деп жазды мамандар.
Осы жылдың он айында өндірілген өнім көлемі 39 720 миллиард теңгені құрады. Оның жартысына жуығы, яғни 20 628 миллиард теңгесі тау-кен өнеркәсібіне, 16 972 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
Ұлттық статистика бюросы ақпараты бойынша, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі өскен. Оның ішінде түрлі-түсті металл кендерін өндіруде – 107,8%, көмір – 101,6%, сусындар өндірісі – 108,9%, темекі өнімдері – 112,7%, жеңіл өнеркәсіп – 107,8%, химия өнеркәсібі – 110,6% және металлургия өнеркәсібі – 104,4%, сондай-ақ резеңке және пластмасса бұйымдары – 104%-ке өскен.