https://sputnik.kz/20221117/qazaqstan-men-reseydin-psikhologtary-bala-tarbiesi-salasynda-tazhiribe-almasty-29424446.html
Қазақстан мен Ресейдің психологтары бала тәрбиесі саласында тәжірибе алмасты
Қазақстан мен Ресейдің психологтары бала тәрбиесі саласында тәжірибе алмасты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Таразда "Миссия Добро" халықаралық бағдарламасының гуманитарлық миссиясы аясында дөңгелек үстел өтті, оған ресейлік ерікті... 17.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-17T18:43+0500
2022-11-17T18:43+0500
2022-11-17T18:43+0500
балалар
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29419917_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_80b42321a8994e9b99e4a7054fabe7f4.png
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Таразда "Миссия Добро" халықаралық бағдарламасының гуманитарлық миссиясы аясында дөңгелек үстел өтті, оған ресейлік ерікті психологтар қатысты.Жоғарыда аталған бағдарламаның кураторы Анна Волкованың айтуынша, мақсат – ресейліктерді шетелдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға, сондай-ақ шетелдік еріктілерді Ресейдегі әлеуметтік жобаларға қатыстыру."Бағдарлама волонтерлері халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және елдер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық шараларына қатысады. Бағдарламаға белгілі бір салада кәсіби дағдысы бар Ресей Федерациясының азаматтары: дәрігерлер, мұғалімдер, психологтар, заңгерлер тартылады", - деді Анна.Ол өткен 2022 жылы бағдарламаны ұйымдастырушыларға гуманитарлық миссияны Беларусь, Қазақстан және Әзербайжанда өткізуге өтінім түскенін айтты."Миссия Добро" халықаралық бағдарламасының гуманитарлық миссиясы аясында Қазақстанға үш волонтер мен миссияның кураторы келді. Біздің алдымызда бірнеше міндетт тұр: психоневрологиялық статусы бар балалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін көрсету; Орталық мамандарымен, мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен сараптамалық-теориялық сабақтар өткізу (сараптамалық кеңес беру, тәжірибе алмасу)", - деді бағдарлама кураторы.Кездесуге мектеп және Ақыл-ойы кем балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының басшылары, кәсіптік бағдар беру мамандары қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29419917_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_624ba61c4ef917ffff53c1751dd8c885.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Таразда "Миссия Добро" халықаралық бағдарламасының гуманитарлық миссиясы аясында дөңгелек үстел өтті, оған ресейлік ерікті психологтар қатысты.
Жоғарыда аталған бағдарламаның кураторы Анна Волкованың айтуынша, мақсат – ресейліктерді шетелдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға, сондай-ақ шетелдік еріктілерді Ресейдегі әлеуметтік жобаларға қатыстыру.
"Бағдарлама волонтерлері халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және елдер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық шараларына қатысады. Бағдарламаға белгілі бір салада кәсіби дағдысы бар Ресей Федерациясының азаматтары: дәрігерлер, мұғалімдер, психологтар, заңгерлер тартылады", - деді Анна.
Ол өткен 2022 жылы бағдарламаны ұйымдастырушыларға гуманитарлық миссияны Беларусь, Қазақстан және Әзербайжанда өткізуге өтінім түскенін айтты.
"Миссия Добро" халықаралық бағдарламасының гуманитарлық миссиясы аясында Қазақстанға үш волонтер мен миссияның кураторы келді. Біздің алдымызда бірнеше міндетт тұр: психоневрологиялық статусы бар балалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін көрсету; Орталық мамандарымен, мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен сараптамалық-теориялық сабақтар өткізу (сараптамалық кеңес беру, тәжірибе алмасу)", - деді бағдарлама кураторы.
Кездесуге мектеп және Ақыл-ойы кем балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының басшылары, кәсіптік бағдар беру мамандары қатысты.