Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстері ашылады

© Photo : Пресс-служба министерства индустрии и инфраструктурного развития Министр индустрии и инфраструктурного развития Каирбек Ускенбаев встретился с вице-президентом по продажам и маркетингу в России и СНГ компании Boeing Монти Фрэйзером
 Министр индустрии и инфраструктурного развития Каирбек Ускенбаев встретился с вице-президентом по продажам и маркетингу в России и СНГ компании Boeing Монти Фрэйзером - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
НовостиTelegram
АЛМАТЫ, 17 қараша - Sputnik. Астанада Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстер ашу үшін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында Boeing компаниясы Қазақстанның Азаматтық авиация саласының өкілдері үшін семинар өткізіп жатыр, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Boeing компаниясының Ресей мен ТМД-дағы сату және маркетинг жөніндегі Вице-президенті Монти Фрейзерлммен және Boeing компаниясының Еуразиядағы стратегия және нарықты дамыту жөніндегі директоры Марио Антонио Эбчиммен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Boeing компаниясының одан әрі ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. 2022 жылғы сәуірде Сиэтл қаласына (АҚШ) Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация барып қайтқан болатын.
Осылайша, "Эйр Астана" әуекомпаниясы Boeing-787-9 "Dreamliner" үш ұшағын сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Лайнерлер тасымалдаушының флотына 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында түседі деп жоспарланған. Сонымен қатар Астанада 14-19 қараша аралығында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстер ашу үшін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында Boeing компаниясы Қазақстанның Азаматтық авиация саласының өкілдері үшін семинар өткізеді.
Оқыту барысында стратегия мен бәсекелестік, әуе кемелері паркін жоспарлау және кірістер менеджменті, әуе кемелерінің экономикасы және басқа да тақырыптық модульдер қамтылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Boeing компаниясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және жаңа перспективалы жобаларды іздеу жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бастап Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей рейстерді іске қосу үшін FAA (IASA) ұшу қауіпсіздігін алдағы халықаралық бағалауға дайындық шеңберінде техникалық әлеуетті арттыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0