Қаржы министрі инфляцияның шарықтау шегін атады

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстандағы инфляцияның шарықтау шегі қашан және қандай деңгейге көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін ұлттық банк төрағасы келесі жылдың бірінші тоқсанында инфляция шарықтау шегіне жететінін жариялаған болатын. Бірақ нақты көрсеткіштің болжамын айтпады. Ресми мәліметке сәйкес, биыл бағаның өсуі 18,8 процентті құрап отыр.
Ал қаржы министрінің айтуынша, инфляция осы жылдың соңында шыңына жетеді.
"Осы жылдың аяғында шыңына жетеді. Шыңы сол 20 проценттің маңайында ғой. Сосын келесі жылдың басында күрт төмендеуі байқалалы", - деді Жамаубаев журналистерге берген сұхбатында.
2023 жылда Қазақстандағы инфляция деңгейін 7,5-9,5 процентке төмендету міндеті тұр.
"Енді, келесі жылы осы көрсеткішке жетсек, үлкен жетістік болады. Себебі екі есеге төмендейді", - деп атап көрсетті Жамаубаев.
Жаңалықтар
0