https://sputnik.kz/20221117/prezident-zhozep-borrelmen-kezdesti-29410527.html
Президент Жозеп Боррельмен кездесті
Президент Жозеп Боррельмен кездесті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның... 17.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-17T13:44+0500
2022-11-17T13:44+0500
2022-11-17T13:44+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29409465_0:228:2830:1820_1920x0_80_0_0_de6e5e55a3d4bafe5470b9a865e7e127.jpg
АЛМАТЫ, 17 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті.Қасым-Жомарт Тоқаев Жозеп Боррельге ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті.Президент Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім барлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты.Өз кезегінде Жозеп Боррель Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрмет көрсете отырып қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астана мен Брюссель арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті."ЕуроОдақ пен Қазақстан – жақсы серіктестер. Біз өзара сенім мен құрмет көрсете отырып, ортақ сын-қатерлер туралы айтамыз. Сіздер Қазақстанды ашық, инклюзивті және демократиялық ел ету үшін өзгерістер жасауға бағытталған реформалар үдерісін бастадыңыздар. Менің сапарым осы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр", – деді Еуропалық Одақтың жоғарғы өкілі.Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыс
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29409465_51:0:2780:2047_1920x0_80_0_0_ea9bceabe94229f05789a0eb6ae04409.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АЛМАТЫ, 17 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жозеп Боррельге ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті.Президент Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім барлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты.
"Біз Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстарды қолдаймыз. Осыған байланысты Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің өте табысты болған сапарын және Еуропалық Комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөзімді атап өткім келеді. Біз ынтымақтастығымыздың көптеген мәселесі бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Сондай-ақ Египетте Қазақстан Премьер-Министрі мен Урсула фон дер Ляйен қол қойған Меморандумды құптаймын. Бұл – өзара ынтымақтастық тұрғысынан өте нақты қадам", – деді мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Жозеп Боррель Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрмет көрсете отырып қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астана мен Брюссель арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
"ЕуроОдақ пен Қазақстан – жақсы серіктестер. Біз өзара сенім мен құрмет көрсете отырып, ортақ сын-қатерлер туралы айтамыз. Сіздер Қазақстанды ашық, инклюзивті және демократиялық ел ету үшін өзгерістер жасауға бағытталған реформалар үдерісін бастадыңыздар. Менің сапарым осы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр", – деді Еуропалық Одақтың жоғарғы өкілі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыс