Петропавлда жарылыс болды: тоғыз адам жарақат алды

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлда жарылыс болды
Петропавлда жарылыс болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 17 қараша – Sputnik. Петропавлда техникалық қызмет көрсету станциясында (ТҚКС) газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қараша күні сағат 16.16-да ТҚКС ғимаратында жарылыс болғаны туралы ақпарат түскен. Сағат 16.23-те оқиға орнына "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің бөлімшелері жетіп, дереу өртті сөндіруге кірісті.
"Газ-ауа қоспасы жарылып, артынан өрт шығып, құрылыс конструкциялары опырылып құлаған. Жарылысқа ТҚКС ғимаратында тұрған автокөліктің газ баллон жабдығынан газ шығуы себеп болған", - деп хабарлады департамент.
Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында жедел жәрдем дәрігерлері әртүрлі ауырлықта жарақат алған 9 адамға көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.
"Өрт 16:53-те оқшауланды. Оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 43 адамы мен 10 техникасы жұмыс істеді. Қаза тапқандар жоқ. Материалдық шығын анықталып жатыр", - деп түйіндеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0