Өңірлер

Павлодар облысында отбасындағы бес адамға иіс тиді

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской областиОтравление угарным газом в Павлодарской области
Отравление угарным газом в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Павлодар облысында бір отбасы мүшелеріне иіс тиді. Олардың үшеуі - ересек, екеуі - бала, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар депратаменті.
Оқиға Ақсу қаласында болған. Уланудың негізгі себебі - жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау.

Отбасы кешке пеш жағып, ұйықтап қалған. Ал келесі күні таңертең отбасы мүшелерінің жағдайы нашарлаған соң 103 пультіне хабарласып, медициналық жедел жәрдемнің көмегіне жүгінген.
"Олардың барлығы Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін олардың улы газбен уланғандары анықталды. Бес адамның үшеуі - ересек, екеуі - бала", - делінген хабарламада.
Ересектерді ауруханаға жатқызудың қажеті болмады, ал 13 жастағы қыз және 11 жастағы ер бала Ақсу қалалық ауруханасының балалар бөлімшесіне жатқызылды.
Жаңалықтар
0