Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

© AFP 2024 / SANJAY KANOJIAАрхивное фото морга
Архивное фото морга - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 қараша - Sputnik. Оралдағы қонақ үйден 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады.
Қонақ үй бөлмесінде жәбірленушіден бөлек 28 жастағы әйел болған. Ол өзінің ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Жаңалықтар
0