"Мен сені өлтіремін": балта ұстап жүрген зейнеткердің видеосы тарады

© Photo : pixabay / Markus Spiske Балта, архивтегі фото
Балта, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Алматы облысының полициясы әлеуметтік желіде тараған видеоның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Видеода зейнеткер ақ күртке киген ер адамның сөмкесін тартып алған. Одан кейін ішінен балтаны шығарып, жерде жатқан кісіге тап береді. Оқиға Талғар ауданындағы Ақдада ауылында болған.
Полиция ақпаратты растады. Ресми мәліметке сәйкес, 16 қарашада кешкі уақытта Талғар аудандық полициясының кезекші бөліміне 63 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Зейнеткер құрылыс материалдарын ұрлап әкеткен белгісіз адамға қатысты шара қабылдауды талап еткен.
Оқиға орнына барған патрульдік экипаж 46 жастағы ер адамды ұстап, аудандық полицияға жеткізді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл қылмыс үшін 80 айлық есептiк көрсеткiшке (254 400 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не түзеу жұмыстарына, я болмаса, 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0