https://sputnik.kz/20221117/maskeude-ush-khalyqaralyq-uyymnyn-bas-khatshylary-kezdesti-29405016.html
Мәскеуде үш халықаралық ұйымның бас хатшылары кездесті
Мәскеуде үш халықаралық ұйымның бас хатшылары кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин және ТМД... 17.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-17T13:59+0500
2022-11-17T13:59+0500
2022-11-17T13:59+0500
мәскеу
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29400347_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_b1acd96d79e0f21c60d8bb748e8937a5.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин және ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев кездесті. ҰҚШҰ баспасөз қызметі хабарлағандай, интеграциялық ынтымақтастықтың басым бағыттарындағы маңызды қадамдарға, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – бұрын КСРО құрамында болған кейбір мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қатынастарын реттеуге арналған халықаралық ұйым. ТМД ұйым мүшелерінің келісімімен ерікті негізде жұмыс істейді. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы 1992 жылы Ташкентте құжатқа қол қойылған сәттен бастап құрылып, он жылдан кейін, 2002 жылы аймақтық қауіпсіздік ұйымына айналып, БҰҰ-да бақылаушы мәртебесін алды. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшыларымен құрылған халықаралық ұйым. Ұйымның негізгі міндеттері оған қатысушы мемлекеттерді біріктіретін кең аумақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, есірткі бизнесіне қарсы күрес, экономикалық ынтымақтастықты, энергетикалық әріптестікті, ғылыми және мәдени өзара іс-қимылды дамытуды қамтиды.
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29400347_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_49a611bb7463001c6875322bbaf553f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, ұқшұ
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин және ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев кездесті.
"Кездесу барысында үш ірі аймақтық ұйымның жоғары әкімшілік лауазымды тұлғалары кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастық болашағын талқылады", - деп хабарлайды ҰҚШҰ баспасөз қызметі.
ҰҚШҰ баспасөз қызметі хабарлағандай, интеграциялық ынтымақтастықтың басым бағыттарындағы маңызды қадамдарға, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – бұрын КСРО құрамында болған кейбір мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қатынастарын реттеуге арналған халықаралық ұйым. ТМД ұйым мүшелерінің келісімімен ерікті негізде жұмыс істейді.
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы 1992 жылы Ташкентте құжатқа қол қойылған сәттен бастап құрылып, он жылдан кейін, 2002 жылы аймақтық қауіпсіздік ұйымына айналып, БҰҰ-да бақылаушы мәртебесін алды. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшыларымен құрылған халықаралық ұйым. Ұйымның негізгі міндеттері оған қатысушы мемлекеттерді біріктіретін кең аумақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, есірткі бизнесіне қарсы күрес, экономикалық ынтымақтастықты, энергетикалық әріптестікті, ғылыми және мәдени өзара іс-қимылды дамытуды қамтиды.