Батыс украин дағдарысынан шығудың қандай жолын тапты

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
Польшада зымырандардың құлауына байланысты жағдай Батыстың украин дағдарысынан шығу бойынша қосымша амалдарын айқындай түсті, деп жазды РИА Новости.
Сейсенбінің кешінде Киев билігі мен оның одақтастары арнайы әскери операция басталған шақтан бергі ең жойқын зымыран соққысының қорытындысын шығарды. Олар ресейлік армия аумағы бойынша екінші орындағы Еуропа елінің энергия жүйесін жойып, стратегиялық нысандарды қиратуды көздеген деген қорытындыға келді.
Осы оқиға төңірегіндегі пікірлер егжей-тегжейлі талқылауды қажет етеді. Ең алдымен осы оқиға туралы жергілікті басылым хабарлады. Осыдан кейін Польша билігі НАТО-дағы одақтастарымен альянстың негізгі шартының төртінші бабын қолдану мүмкіндігі туралы консультациялар жүргізіп жатқанын хабарлады. Ол бапта әскери блок мүшелерінің бірі өзіне қауіп төнген жағдайда консультациялар өткізуді қарастырады.
Варшава Мәскеуді тікелей айыптамауға тырысып, бар болғаны "ресейлік өндіріске жататын зымыранмен соққы жасағанын" айтты. Дегенмен, ресейлік елші Сергей Андреевті елдегі Сыртқы істер министрлігіне шақырды.
Ал Киев пен Балтық маңы елдері бұл оқиғаға бірден Ресейді кінәлады. Бірақ таңға жақын бұл оқиға үшінші дүниежүзілік соғысқа себеп болмайтыны белгілі болды. АҚШ президенті Джо Байден Польшаға Ресейден зымыран ұшырылуы екіталай екенін айтты. Оның түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоған да Мәскеудің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал поляк көшбасшысы Анджей Дуда соққы қайталанады деп пайымдауға негіз жоқ екенін айтты.
Сонымен қатар, Варшава төртінші бапты қолданудың қажеттілігі жоқ деп санайтынын мәлімдеді. Ал Киев өз дегенінен қайтпады. Бірақ Зеленский "террористі жазалау" сынды өткір пікірдің орнына "Польшада жарылған зымыран украин әскерине тиісті емес екеніне сенімдімін" деген сыңайлы сөздерді қолдана бастады.
"Әскери-әуе күштері қолбасшысы мен бас қолбасшы Залужный кешкі баяндамада бұл біздің зымыран немесе зымыран соққысы болмағанын мәлімдеді. Сондықтан менің ешқандай күмәнім жоқ. Оларға сенбеуге де еш себеп жоқ", - деді Зеленский.
Киев билігі оқиғаны тергеуге қатысуға рұқсат сұраған кезде Польша президенті Дуда бұл Вашингтон мен Варшава жүргізетін бірлескен процесс екенін айтты. Бірақ зымыран құлауына қатысты оқиға Батыстың Украинаға қолдау көрсетуін тоқтатуға себеп болмады.
"Егер, жағдай ушығып, осындай арандатушылық әрекеттер жиілесе, онда АҚШ НАТО келісімшартының төртінші емес, бесінші бабын қолдануға немесе альянс жұмысының қағидаларын қайта қарастыруға мәжбүр болады. Басқаша айтқанда, ядролық державамен тікелей қақтығысқа түсуді немесе Американы көп жыл бойы сақтап келген қауіпсіздік жүйесін бұзуды таңдауы керек болады", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, бұл тығырықтан шығуды үшінші жолы да бар. Ол – қақтығыс басталмай тұрып оның дипломатиялық шешімін іздеу. Жалпы Кремль мәселені Ақ үймен келіссөз жүргізу арқылы шешуі Киевпен дипломатияны сақтағаннан әлдеқайда жемісті болатыны белгілі.
Жаңалықтар
0