https://sputnik.kz/20221117/azyq-tulik-bagasyn-retteu-sauda-ustemesin-10-protsentke-tomendetu-turaly-kelisim-zhasaldy-29396980.html
Азық-түлік бағасын реттеу: сауда үстемесін 10 процентке төмендету туралы келісім жасалды
Азық-түлік бағасын реттеу: сауда үстемесін 10 процентке төмендету туралы келісім жасалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10% ... 17.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-17T07:31+0500
2022-11-17T07:31+0500
2023-08-10T17:15+0500
қоғам
баға
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/237/79/2377936_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_58d9c10056fb5ba759ab1a1f0a560e10.jpg
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10% - ке дейін төмендету туралы меморандумға қол қойылды.Оған сәйкес 15% мөлшеріндегі сауда үстемесі меморандум шеңберінде 10%-ке дейін төмендейді.Бұл тұрғындарға меморандумдар жасасқан Қазақстанның ірі сауда желілерінен сауда маркасы төмендетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.Меморандумдарға "Магнум", "Small", "Анвар", "Астықжан", "Вкусмарт", "ФерМаг", "Ақмол" сынды ірі сауда желілері қол қойды.14 қарашадағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар барлық өңірлер мен қалаларда 130 меморандум жасалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/79/2377936_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_ee049ee10b111e70807a2dcc07a9d566.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баға, азық-түлік
Азық-түлік бағасын реттеу: сауда үстемесін 10 процентке төмендету туралы келісім жасалды
07:31 17.11.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10% - ке дейін төмендету туралы меморандумға қол қойылды.
Оған сәйкес 15% мөлшеріндегі сауда үстемесі меморандум шеңберінде 10%-ке дейін төмендейді.
Бұл тұрғындарға меморандумдар жасасқан Қазақстанның ірі сауда желілерінен сауда маркасы төмендетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.
Меморандумдарға "Магнум", "Small", "Анвар", "Астықжан", "Вкусмарт", "ФерМаг", "Ақмол" сынды ірі сауда желілері қол қойды.
14 қарашадағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар барлық өңірлер мен қалаларда 130 меморандум жасалды.