Елорда тынысы

Астаналық автопарк 300-ден астам электроавтобуспен толығады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Астанада 2023 жылы 300-ден астам электроавтобус жолға шығады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
"City Transportation Systems" ЖШС қазіргі уақытта автобус паркін 300-ден астам электроавтобуспен жаңарту және толықтыру бойынша үш инвестормен жұмыс жүргізіп жатыр. Жеке инвестиция есебінен қалада автобус паркі де салынды.
Әкімдіктің ақпаратынша, бұған дейін Астанада желіге 115 электроавтобус шығарылған болатын. Биыл қыста тағы 50 электроавтобусты жолға шығару жоспарланып отыр. Қала билігі электр автобустарының экологиялық тұрғыдан таза екенін – ауаға зиянды заттар шығармайтынын және оларды пайдалану кезіндегі үнемділігін атап өтті.
Жаңа электр автобустары автопаркті айтарлықтай жаңартуға, жаңа маршруттарды енгізуге, аялдамаларда автобустардың күту аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, деп санайды әкімдік.
Сонымен қатар, биыл жыл басынан бері қоғамдық көлік маршруттарының 27 схемасы оңтайландырылды, жаңа маршруттар іске қосылды, Bus lane жаңа учаскелері енгізілді, 15 аялдама пункті қосылды.
Соңғы жылдары 70 жылы аялдама орнатылды, тағы 20 жылы аялдама бойынша инженерлік желілерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жаңалықтар
0