Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді – видео

© AFP 2024Есірткі, архивтегі фото
Есірткі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Алматы қаласында 35 жастағы ер адамнан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция көлікпен келе жатқан қала тұрғынын тоқтатып, тексерген. Жүк салғыштан ақ ұнтақ салынған 20 түйіншек пен екі бірдей полиэтилен бумасы табылған. Сараптама қорытындысы бойынша ол 4,7 келі синтетикалық есірткі – "мефедрон" болып шықты.
Қазіргі кезде есірткі тарату жолдары мен арнасын анықтау шаралары басталды.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0