https://sputnik.kz/20221116/zhambyl-oblysynda-zhalgan-tekhnikalyq-quzhat-zhasagan-khqko-qyzmetkeri-ustaldy-29371457.html
Жамбыл облысында жалған техникалық құжат жасаған ХҚКО қызметкері ұсталды
Жамбыл облысында жалған техникалық құжат жасаған ХҚКО қызметкері ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері мен оның сыбайласы көлік құралын тіркеу... 16.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-16T14:48+0500
2022-11-16T14:48+0500
2023-08-09T17:05+0500
хқко
құжат
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009586_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_d1855aa440ad669048873eacb373aa3a.jpg
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері мен оның сыбайласы көлік құралын тіркеу куәліктерін (техникалық паспорттарды) қолдан жасаумен айналысқан, деп хабарлады Polisia.kz.Заң бұзушылықты Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады. ХҚКО қызметкері мен сыбайласы (осы мекеменің бұрынғы қызметкері) ұсталды.Әйел делдал ретінде әрекет еткен. 150 мың теңге көлемінде заңсыз ақшалай сыйақы үшін сыбайласымен бірге құжаттарды бұрмалап, жалған техникалық паспорттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан. Тінту барысында күдіктінің атына 8 пластикалық банкомат карточкасы, 41 дайын жалған техникалық паспорт тәркіленді. Сондай-ақ олардан техника және жалған құжаттарды дайындау үшін тағы 500 дана пластикалық карточка табылды."Осы дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деп мәлімдеді полиция.Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Істің басқа да жағдайлары анықталып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009586_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_f990e6586d7f17c3fb9edd12064fdafa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хқко, құжат
Жамбыл облысында жалған техникалық құжат жасаған ХҚКО қызметкері ұсталды
14:48 16.11.2022 (жаңартылды: 17:05 09.08.2023) АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері мен оның сыбайласы көлік құралын тіркеу куәліктерін (техникалық паспорттарды) қолдан жасаумен айналысқан, деп хабарлады
Polisia.kz. Заң бұзушылықты Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады. ХҚКО қызметкері мен сыбайласы (осы мекеменің бұрынғы қызметкері) ұсталды.
Әйел делдал ретінде әрекет еткен. 150 мың теңге көлемінде заңсыз ақшалай сыйақы үшін сыбайласымен бірге құжаттарды бұрмалап, жалған техникалық паспорттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан. Тінту барысында күдіктінің атына 8 пластикалық банкомат карточкасы, 41 дайын жалған техникалық паспорт тәркіленді. Сондай-ақ олардан техника және жалған құжаттарды дайындау үшін тағы 500 дана пластикалық карточка табылды.
"Осы дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деп мәлімдеді полиция.
Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Істің басқа да жағдайлары анықталып жатыр.