Вашингтон Украинаның Ресеймен келіссөз жүргізуін құптайды

© Пресс-служба президента Украины / Медиабанкке өтуФлаги США и Украины
Флаги США и Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Америкалық беделді Politico басылымы Киев режиміндегі лауазымды шенеуніктердің генерал Марк Миллидің мәлімдемесіне қатысты алаңдап отырғанын жазды. Біріккен штаб басшылары комитетінің төрағасы, ал іс жүзінде АҚШ-тағы жоғары шенді әскери Украинаға Ресеймен келіссөз жүргізуге кеңес берді, деп жазды РИА Новости.
Марк Милли Нью-Йорктегі Экономикалық клуб отырысында сөйлеген сөзінде Украина әскери жолмен жеңіске жетпеуі ықтимал екенін, ал қыс мезгілі Ресеймен келіссөз жүргізуге қолайлы уақыт болатынын айтты.
Politico тілшілер Мемлекеттік департамент пен қорғаныс министрлігіндегі өз дереккөздерінен ақпарат сұрағанда, аты-жөнін құпия сақтауды талап еткен қос ведомство өкілдері америкалық истеблишмент Украина Қарулы күштері Мелитополь мен Маруипольді қайтарып алатынына, ал қыста Қырым үшін шайқаста жеңетініне сенбейтінін айтқан.
Қорғаныс министрлігіндегі шенді қызметкерлер Politico басылымына Украина Қарулы күштеріне ресейлік әскердің қазіргі қорғаныс шебін бұзу қиын болатынын мәлімдеген. Ресей армиясының Херсоннан кетуі украин әскеріне ешқандай көмектеспейді. Америкалық әскерилер Днепрдің басқа жағалауына соққы жасау Украина Қарулы күштері үшін тым күрделі маневр екенін айтқан.
Киев режимінің өкілдеріне түрлі уәде беріліп жатқанымен, қазір Вашингтон Украинаны Ресеймен келіссөз жүргізуге итермелеп жатқаны байқалады. Осы орайда Украина Қарулы күштері бас қолбасшысы Валерий Залужный " Ресей барлық басып алынған аумақтан бас тартпайынша, Украина әскерилері ешқандай келіссөз немесе келісімді қарастырмайтынын" айтты. Алайда Джейк Салливан Киевке арнайы ұшып барып, Зеленскийден "өз талаптарын жария етуде шынайы жағдайды ескеруді" сұрады.
"Өкілдер палатасында басымдыққа ие болған республикашылдар Украинаға алдағы уақытта қаражат бөлмеуді талап етіп отыр. Олар осы мақсатта бөлінген миллиардтаған доллар ғайыптан жоғалып жатқанын айтты", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, қазірдің өзінде республикашылдар Еуропаны Украинаны өз қамқорлығына алуға көндіріп жатыр. Алайда еуропалықтар мұндайға түбегейлі қарсы. Сондықтан Ресейдің бұғатталған алтын-валюта резервін Украинаға беру ұсынылды. Дегенмен, дәл осындай бастама көтерілгеннен кейін Ливия, Ауғанстан қаражаты қайда кеткені түсініксіз болып қалды. Сол себепті ресейлік алтын-валюта резервіне қатысты осы жағдай қайталануы ықтимал.
Егер солай болса, онда президент Зеленский не жалақысы, не зейнетақысы жоқ ашулы халықпен бетпе-бет келуге мәжбүр болады. Оның үстіне, келіссз мәселесіне мейлінше наразы әскерилер де бар. Сондықтан Зеленский G20 саммитінде онлайн сөйлеген сөзінде Ресеймен келіссөз үшін орындалуы екіталай талаптарды атады.
"Жалпы, келіссөз мәселесі украин қоғамы үшін ең қолайсыз тақырып болып тұр. Тіпті, қақтығыстың тоқтауы адамдардың ақиқатқа зер салып, шындықты мойындауына түрткі болар еді", - дейді мақала авторы.
Мақала авторы жазғандай, Ресей барлық күш-жігерін, әскери, саяси, дипломатиялық, ақпараттық құралдардың көмегімен өз экономикасын сақтап, халықтың әл-ауқатын арттыруды тоқтатпауға жұмсап отыр. Қажет болса Ресей келіссөз жүргізуге дайын.
Жаңалықтар
0