Ресей қорғаныс министрлігі Польшада құлаған зымырандарға қатысты мәлімдеме жасады

© AFP 2024 / WOJTEK RADWANSKIПолиция расследует место, где в результате ракетного удара погибли двое мужчин в деревне Пшеводов на востоке Польши
Полиция расследует место, где в результате ракетного удара погибли двое мужчин в деревне Пшеводов на востоке Польши
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Ресей қорғаныс министрлігі Польшада жарылған зымыран қирандыларының суретінде украиналық С-300 элементтері бар екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Украинаның түрлі дереккөздері мен шетелдік шенеуніктердің Пшевудов елді мекеніне "ресейлік зымырандар" құлағаны туралы мәлімдемелері жағдайды ушықтыру мақсатында жасалған қасақана арандатушылық болып отыр", - деп атап өтті ведомстводағылар.
Олар сондай-ақ жоғары дәлдіктегі соққылар тек Украина аумағындағы нысаналарға және Польшамен шекарадан кемінде 35 километр қашықтықта жасалғанын айтты.
Бұған қоса, министрліктегілер кешегі атқылау кезінде Украина астанасына ешқандай соққы жасалмағанын атап өтті.
"Украина астанасының тұрғын үй аудандарында Киев режимі көрсеткен барлық қирандылар украин әскері қала ішінде орналасқан украиналық және шетелдік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінен атқан зениттік зымырандардың құлауы мен өзін-өзі жоюының тікелей салдары", - деп жазылған қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Күні кеше Польшадағы БАҚ Украинамен шекарадағы Люблин воеводствосына екі зымыран құлағанын хабарлады. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты.
AP агенттігінің хабарлауынша, бұл Ресейдің снарядтарын тежеу үшін ұшырылған украиналық зымырандар болған.
Алайда осы оқиғадан кейін бірден Польша сыртқы істер министрлігі Ресейде жасалған зымырандардың құлағанын хабарлап, елшіні ведомствоға шақырды. Бұл ретте президент Анджей Дуда әзірге нақты ақпарат жоқ екенін айтты. Оқиғадан кейін Варшава альянс мүшелерінің біріне қауіп төнген жағдайда консультациялар өткізуді көздейтін негізгі шарттың төртінші бабына сәйкес НАТО кеңесін шақырды.
Ресей қорғаныс министрлігі әскерилер Украина – Польша шекарасы аймағында ешқандай нысанаға соққы жасамағанын және Варшаваның Мәскеудің қатысы бар екені туралы мәлімдемелері арандатушылық екенін атап өтті.
АҚШ президенті Джо Байден G7 және НАТО елдері басшыларының шұғыл кездесуінен кейін мәлімдегендей, алдын ала мәліметтер құлаған зымыранды Ресей әскері ұшырғанын растамайды.
Жаңалықтар
0