https://sputnik.kz/20221116/qanday-tagamdar-kuyzelisti-tomendetedi-29355928.html
Қандай тағамдар күйзелісті төмендетеді
Қандай тағамдар күйзелісті төмендетеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Ғалымдар күйзелісті төмендететін тағамдарды атады. Molecular Psychiatry журналында ферменттелген тағамдарға бай диета психикамен... 16.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-16T07:00+0500
2022-11-16T07:00+0500
2022-11-16T07:00+0500
күйзеліс
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/01/28931468_52:0:1876:1026_1920x0_80_0_0_d3066033b804a4ff6aa379c3d43c4521.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Ғалымдар күйзелісті төмендететін тағамдарды атады. Molecular Psychiatry журналында ферменттелген тағамдарға бай диета психикамен байланысты проблеманы азайтуға көмектесетіні туралы зерттеу жарияланды.Мамандар 18 бен 59 жас аралығындағы 45 еріктіні екі топқа бөліп, өздері ойлап тапқан диетаны бір ай бойы ұстауды ұсынған.Бірінші топтағылар күн сайын 6-8 порция пребиотикалық талшықтарға бай жемістер мен көкөністерді (пияз, қырыққабат, алма, банан және сұлы жармасы), аптасына 5-8 порция дәнді және 3-4 порция бұршақты дақылдарды тұтынды. Сондай-ақ диетаға 2-3 порция ферменттелген тағамдар (ашытылған қырыққабат, айран, шай саңырауқұлағы) қосылды. Екінші топтағы еріктілерге дұрыс тамақтану пирамидасына негізделген жалпы ұсынымдар ғана берілді.Нәтижесінде бірінші топтағылар күйзеліске аз ұшырады. Бұл диетаның қатаңдығы мен күйзеліс деңгейі арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті.Екі топта да ұйқы сапасы жақсарды, дегенмен пребиотикалық диетаны ұстағандардың жағдайы көбірек жақсарды.Авторлар белгілі бір диета стресс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада психикалық денсаулықты қорғауға көмектесетініне сенімді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/01/28931468_280:0:1648:1026_1920x0_80_0_0_3aeba98d2e1db72578de067df2982742.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күйзеліс
Қандай тағамдар күйзелісті төмендетеді
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Ғалымдар күйзелісті төмендететін тағамдарды атады. Molecular Psychiatry журналында ферменттелген тағамдарға бай диета психикамен байланысты проблеманы азайтуға көмектесетіні туралы зерттеу
жарияланды.
Мамандар 18 бен 59 жас аралығындағы 45 еріктіні екі топқа бөліп, өздері ойлап тапқан диетаны бір ай бойы ұстауды ұсынған.
Бірінші топтағылар күн сайын 6-8 порция пребиотикалық талшықтарға бай жемістер мен көкөністерді (пияз, қырыққабат, алма, банан және сұлы жармасы), аптасына 5-8 порция дәнді және 3-4 порция бұршақты дақылдарды тұтынды. Сондай-ақ диетаға 2-3 порция ферменттелген тағамдар (ашытылған қырыққабат, айран, шай саңырауқұлағы) қосылды. Екінші топтағы еріктілерге дұрыс тамақтану пирамидасына негізделген жалпы ұсынымдар ғана берілді.
Нәтижесінде бірінші топтағылар күйзеліске аз ұшырады. Бұл диетаның қатаңдығы мен күйзеліс деңгейі арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті.
Екі топта да ұйқы сапасы жақсарды, дегенмен пребиотикалық диетаны ұстағандардың жағдайы көбірек жақсарды.
Авторлар белгілі бір диета стресс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада психикалық денсаулықты қорғауға көмектесетініне сенімді.