Өңірлер

Орал мен Атыраудағы тапшылық: министрлік қосымша газ бөлді

© Sputnik / Тимур БатыршинГаз құю станциясы
Газ құю станциясы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарындағы автогаз құю станциялары энергетика министрлігі бөлген сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін ала бастады.
Энергетика министрлігі Қазақстанның батысындағы өңірлерді газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

"Атырау облысына қараша айына "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС, "Gas Processing Company" ЖШС және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан қосымша 2 108 тонна бөлінді. Соның ішінде 16 қарашадағы жағдай бойынша 521 тонна жеткізілді. Ал Батыс Қазақстан облысына қараша айына "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан қосымша 504 тонна бөлінді", - деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Орал қаласында орналасқан "Жайықмұнай" ЖШС-мен айырбастау негізінде күн сайын кемінде 60 тонна сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелте отырып, қосымша 400 тонна бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл көлем Атырау мұнай өңдеу зауыты толық жұмыс режиміне шыққаннан кейін өтеледі.
Сондай-ақ энергетика министрлігі "Теңізшевройл" ЖШС-мен БҚО мен Атырау облысына қосымша 1 600 тоннадан сұйытылған мұнай газын бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Бүгінгі таңда мұнай газын өткізуші субъектілер министрлік бөлген газ көлеміне жоғарыда аталған зауыттармен келісімшарт жасасып жатыр.
"ҚазМұнайГаз" компаниясының ақпаратына сәйкес, АМӨЗ зауытта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7-14 қараша аралығында сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне айдауды тоқтатты.
АМӨЗ толық жұмыс режиміне 28 қарашада шығады деп жоспарланып отыр. Алайда 23 қарашадан бастап қондырғыларды кезең-кезеңмен іске қосу бойынша қабылданған шаралар тәулігіне 600 тонна өндіруге мүмкіндік береді, олар да газ тапшылығын болдырмауға бағытталады.
Бұған дейін Орал мен Атырауда автогаз құю станцияларында газ тапшы екені хабарланған болатын. Соның салдарынан кейбір станцияларда ұзын-сонар кезек түзілген.
Жаңалықтар
0