Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының шатырынан су ақты – әкімшілік түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал Калиев Аэропорт
 Аэропорт - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 қараша - Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының әкімшілігі желіде тараған видеодан кейін түсініктеме берді.
Жаңадан салынған терминалдың шатырынан су ақты. Әуежайдың халықаралық терминалы бес жыл бұрын пайдалануға берілген болатын.
"Шартқа сәйкес, мердігер орындалған жұмыстардың сапасына, тірек пен қоршау конструкцияларына 10 жылға кепілдік берді. Алайда осы уақытқа дейін шатыр мен қону қақпалары бойынша бірнеше рет кемшіліктер анықтады. Әуежай бірнеше рет мердігерге ескертулерді жоюды талап ететін хаттар жіберді. Бүгінгі күнге дейін мердігер анықталған ескертулерді жою бойынша ешқандай шара қолданған жоқ", - дейді мамандары.
Әуежай қызметкерлері Т-1 халықаралық терминалының шатырын ашып, судың не себепті ағатынын да анықтады.
Техникалық тексеріске сәйкес, шатырдың материалдары бекітілген жобаға сай келмейді. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына арыз түсірді.
Қазіргі кезде әуежай өз күшімен қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Ал мердігер жақын арада барлық ескертуді жоюға міндеттелді.
Жаңалықтар
0