"Балалар үшін қорқамыз": Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр

© Sputnik / Айдана Дайырова Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр
 Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты 2000-ға жуық тұрғыны бар ауылдың оқушылары 1,5 шақырым елсіз алқапты жаяу өтіп, мектепке барып жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қарасай ауданы Ұмтыл ауыл округіне қарасты 6-7 саяжай бір жерге шоғырланған. Ауыл 4-5 шақырымды алып жатыр. Жазда 3000-дай, ал қыста 2000-ға жуық отбасы тұрады.
Ауылда 100-ден астам оқушы бар. Мектепке қатынау үшін күре жолға дейінгі 1,5 шақырымға созылған елсіз алқапты жаяу өтіп, қоғамдық көлікке мінеді. Оқушыларға арналған мектеп автобусы бұл ауылға ат ізін салмайды.
"Таңғы сағат 6:00-6:30 да балам ауылдан шығады. Жаяу. Мына 1,5 шақырым алқапты кесіп өтеді. Бір қызым түске дейін, бір қызым түстен кейін оқиды. Түстен кейін оқитын оқушылар кешкі жетілерде қайтады. "Мама, қарайып бірдеңе тұр" деп шырылдап звондай береді. Сиыр тұрса да, ит тұрса да қорқады. Түн ішінде кез келген нәрсе қарайып қорқынышты болып көрінеді емес пе?", - дейді тұрғын Ақжан Еспенбетова.
"Мен өзім бұл ауылдан кетіп, басқа жақтан мектептің түбінен жер алып, үй салып жатырмын. Балаларым үшін осылай істеп отырмын. Иттер өте көп. 3-4 жыл бұрын 18 жастағы қыз жолға шығамын деп жоғалып кетті. Табылған, табылмағанын білмеймін, орта жолда жоғалды. Ұрлап кетті ме, өлтіріп кетті ме, зорлап кетті ме, құдай біледі. Балалар үшін қорқамыз. Қараңғыда қайтады", - дейді тағы бір тұрғын Мұхит Мырзабаев.
Күре жолға қатынайтын бір ғана жол бар. Оның өзін тұрғындар өз ақшасына қиыршық тас төсеп жасап қойған. Жолы жоқ ауылға жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік те, оқушыларға арналған автобус та кірмейді. Бұдан бөлек мектеп оқушыларына бөлінген автобусқа бала сыймайды, дейді тұрғындар.
© Sputnik / Айдана Дайырова Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр
 Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр
"Балам бүгін түскі сабағына 11:30 да шығып кетті. Күнде солай. Сабағы 13:30-да басталады. Бірінші автоубсқа үлгермесе, екіншісіне сыймайды, әйтеуір жетеді. Ерте барып алып, ойнап жүреді. Мұғалімдер "ерте жібермеңіздер" деп ескертіп жатады. Шағын автобустарға балалар сыймайды. Олар кейде тоқтамай кетіп қалады екен. Автобуста балалар бірін-бірі езіп, жаншып жатады. Бір кішкентай қыздың үстінен таптап өтіп кеткен. Үлкен сыныптың балалары кішкентай оқушыларға қарамай, таптап өте береді", - дейді Әділбек Серікбаев.
Түнделетіп жүретін оқушыларды кейде жол-жөнекей өткен көлік жүргізушілері жеткізіп тастайды екен. Бірақ ата-аналар ондай жандардың күдік ұялататынын айтады.
"Кез келген көлік тоқтап, балаларды отырғызып алады. Тоқтап, ала кететіндерге, әрине, рақмет. Бірақ таныс емес адамдар, қорқамыз. Қаптаған иттер, оны ешкім бақылап жатқан жоқ. Алдыңғы жылы бір тыр жалаңаш еркек осы алқапта жүгіріп жүрді. Өз көзіммен көрдім", - дейді Серікбаев.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚариялар да жаяу-жалпылап күре жолға шығады
 Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Қариялар да жаяу-жалпылап күре жолға шығады
Ауылға қатынайтын бір ғана қара жолға жете алмай, еңбектеген бала мен еңкейген қарт елсіз алқаптың кез келген жерінен күре жолға дейін төтесінен жүреді
"Жолды үнемі өз қалтамыздан жасап келеміз. Бұл ауылда қаншама қарт бар. Қариялар жаяу-жалпы күре жолға жүреміз. Жалғыз жол ғана бар. Ол жолды айналып, ары қарай 1,5 шақырым жүреміз деп денсаулығымыздан айырылдық. Бұл саяжай бұрынғы Алматы көлік-құрылыс зауытының жұмысшыларының саяжайы. Жұмысшылардың барлығы қазір қартайған. Не азық-түлік дүкені жоқ, не жол жоқ. Тамағымызды жаяулатып тасимыз", - дейді саяжай төрағасы Нина Тютюнникова.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҰмтыл ауыл округіне қарасты 6-7 саяжай бір жерге шоғырланған
 Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Ұмтыл ауыл округіне қарасты 6-7 саяжай бір жерге шоғырланған
Жедел жәрдем көлігін де тұрғындар өздері күтіп алады. Қалт-құлт етіп өмір сүріп отырған саяжай тұрғындарына ұры-қары да маза бермейтін көрінеді.
"Металл жинайтындар күндіз-түні маза бермейді. Шарбақтарды, есіктерді ұрлайды. Темір терсек, электр сымдарына дейін түк қоймайды. Полицейлерді шақырып, тәуліктеп тосамыз. Ешбір ұрлық ашылмады", - дейді Тютюнникова.
7 саяжайдан құрылған бір ауылдың ауқымды проблемасын жергілікті биліктен сұрадық.
Ұмтыл ауыл округінің әкімі Серік Қалижанұлы түнделетіп ауыл аралағанын жеткізді.
"Кеше кешке 21:30 шамасында қасыма учаскелік полицияны алып, ауылға бардым. Саяжай төрағасымен кездестік. Қонаев қаласының автожол мамандарын шақырдық, араладық, көрдік. Олар мәселені шешеміз деді. Қосымша субсидия сұраймыз деді. Президент сайлауы өткен соң тағы тексереміз, схемасын сызамыз. Қаскелеңдегі автопарк басшыларымен тағы сөйлесеміз. Мәселені оңынан шешеміз", - деп сендірді әкім.
Материал дайындалып жатқан кезде Қарасай ауданы білім бөлімінің мамандары хабарласып, бізге оқушылардың мектепке қатынау мәселесін шешкенін жеткізді.
"Мектеп пен ауыл арасы 3 шақырым болса, біз міндетті түрде оқушылар үшін автобус бөлеміз. Саяжай мен мектеп арасын өлшеп едік, 6,5 шақырым болды. Ертеңнен бастап, яғни 17 қарашадан бастап ауылдағы 100-ден астам оқушы сабаққа автобуспен қатынайды", - деді олар.
© Sputnik / Айдана Дайырова Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр
 Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Алматы облысында оқушылар елсіз жермен сабаққа барып жүр
Жаңалықтар
0